Назира кофехана ашты

Кулшинбаева Назира қайтарымсыз грант алғанның нәтижесінде тәттілер ұсынатын шағын ғана кофехана ашып, кәсібін жүргізіп отыр. Өз қолымен «Медовый», «Эклер», «Бисквит» және «Творожный» торттар дайындап, балғын күйде кофеханаға келген клиенттерге ұсынып, олардың ризашылығын алуда. Хит болып жатқан дубайский шоколадты да қалай жасайтынын үйреніп алып, дайындап, оны да кофехананың асмәзіріне қосқан. Мемлекеттік қайтарымсыз грантты көпбалалы санатымен алған анамыз үй жағдайында да тапсырысқа тәттілер дайындап, бизнесінің дамуына аянбай еңбек етіп жатқаны, оның болашақта іскер және білікті кәсіпкер болатындығын байқатады.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында әйелдер қауымы барлық салада белсенділік танытуда. Облыс көлемінде шамамен 213 мыңнан астам кәсіпкер бар.  Оның 68 мыңы – қыз-келіншектер. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің 31%-ында іскер ханымдар  басшылық жасап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *