Президент тапсырмасы: Сайрам ауданы Ақсу ауылында 600 орынды «Жайлы мектептің» құрылысы қарқынды жүруде
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында: «Білім беру – ұлттық қауіпсіздігіміз бен тұрақты дамуымыздың басты негізі. Біз сапалы білім мен ұлттық кадр әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлуіміз керек» – деп атап өткен болатын. Осы мақсатта Сайрам ауданында білім саласын жетілдіру бағытындағы ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда ауданда барлығы 204 білім беру мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 74 мемлекеттік және 24 жекеменшік мектеп бар. Балабақшалар саны – 103, олардың 11-і мемлекеттік, 92-сі жекеменшік болып табылады. Сонымен қатар, 3 қосымша білім беру ұйымдары (№1 Саз мектебі, Оқушылар үйі, оқу-өндірістік комбинаты) бар. Бұл мекемелерде 66 183 оқушы білім алуда, оның ішінде 98 мектеп қамтылған.
2024 жылдың оқу жылының қорытындысы бойынша 11 сыныпты 4 081 оқушы бітірді, оның ішінде 242 оқушы «Алтын белгі», 378 оқушы «Үздік» аттестат иегері атанды. Аудан бойынша білім сапасы 57,28 баллға жетіп, орташа балл – 4,3-ті құрады.
Аудандағы 22 мектеп қазақ тілінде, 52 мектеп аралас тілде оқытуды жүзеге асырады. Аралас оқытатын мектептерде 3844 сыныптың 722-сі (18,8%) ғана қазақ тілінде білім береді. Мұның басты себебі – ҰБТ мемлекеттік тілде тапсыру талаптары және жоғары оқу орындарындағы оқыту форматының қазақша-орысша аралас жүргізілуі. Осыған байланысты ауданда қазақ тілінде оқытатын сыныптар санын арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Сондай-ақ, ауданның кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау саласында да маңызды істер атқарылуда. Жыл басынан бері мекемеаралық комиссия 38 іс-шара өткізді, бұл балалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Биылғы жылы Президенттің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақсу ауылында 600 орындық заманауи мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Мектеп тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл жоба оқушыларға жайлы әрі сапалы білім алуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Білім беру саласын жетілдіру – еліміздің стратегиялық міндеті. Ұлттық рухтағы, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу – біздің ортақ парызымыз» – деп атап көрсеткен болатын. Сайрам ауданында бұл тапсырмалар нақты іс-шаралар арқылы орындалып, болашақта одан әрі дамытылмақ.
Сайрам ауданының білім беру жүйесіндегі тұрақты жаңғырту мен сапаны арттыру бағытындағы бастамалар елдің білім саласындағы ұлттық мақсатын қолдап, жастардың сапалы білім алып, еліміздің дамуында белсенділік танытуына жағдай жасап отыр.
