Түркістан облысында 5 гектар жайылымдық жер жанып кетті

Оқиға Отырар ауданына қарасты Талапты ауылдық округі, Көкмардан ауылынан 12 шақырым жерде орын алды. Түс қайта жыңғыл ағаштары, қамыс және қураған шөп өртке оранған.
«Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің, орман шаруашылығы қызметінің және жергілікті әкімдіктен 100-ге жуық қызметкер, 20 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде Сырдария Түркістан Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің орман шаруашылығы жеріне өтуіне жол берілмеді. Өрт сағат 18:32-де оқшауланып, сағат 19:40-та толық сөндірілді»-делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *