Алты айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 2023 жылдың 6 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары бойынша департамент бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңеске «Еңбек-Шымкент» РМК филиалының басшысы М.Әлімқұлова, Түркістан облысы прокуратурасы 6-шы басқармасының аға прокуроры М.Әбілбашаров, N:6698-ші әскери бөлімінің штаб бастығы Н.Сакибеков, Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органның Түркістан облысы бойынша уәкілі Н.Қожабекова, департаментке қарасты мекеме және пробация бөлімдерінің бастықтары қатысты.
Жедел кеңеске төрағалық етіп отырған департамент бастығы Теңізжан Жәнібеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алқа отырысының қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларына тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Құқықтық тәртіпті нығайту және қылмысқа қарсы күресті күшейту мәселелері» жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына назар аударып, департаментке қарасты мекемелерге, салалық басқармалар мен бөлім қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *