Таза табиғат – жарқын болашақ: Түркістан өңірі жасыл дамуға бет алды
Түркістан облысында экологиялық тұрақтылық пен жасыл экономика қағидаттарын енгізу – өңірдің дамуы мен тұрғындардың денсаулығын қорғауда маңызды бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы шаралар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары мен Үкіметтің экологиялық саясатындағы басым міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылуда. Түркістан облысы табиғи ресурстарға бай аймақ ретінде экологияны сақтау, энергия тиімділігін арттыру және жасыл технологияларды қолдану арқылы тұрақты даму моделін қалыптастыруға ұмтылады.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мысалы, Арыс қаласында «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи және киелі орындарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен мекеме қызметкерлері арамшөптерді жою, қоқыстарды жинау және абаттандыру жұмыстарын атқаруда. “Таза Қазақстан” акциясы аясында киелі мекендерге тазалық жұмыстары жүргізіліп, апталық ұйымдастырылды.
Апта шеңберінде қала аумағындағы бірқатар тарихи әрі киелі орындарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Сенбілікке қала тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысып, Жекен-Саяқ әулие, Мұңлық-Зарлық мазары мен Монтай әулие сынды өңірге белгілі киелі орындардың айналасын қоқыстан тазартып, арамшөптерін отап, жалпы абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара — киелі мекендерге деген құрмет пен рухани мұраларға жанашырлықтың көрінісі.Сонымен қатар, қала аумағында белгіленген секторлар бойынша жауапты мекеме өкілдері өздеріне жүктелген аймақтарда сенбілік ұйымдастырып, көшелер мен көпшілік пайдаланатын орындарды ретке келтірді.Қала әкімдігі барлық тұрғындарды тазалық жұмыстарына үлес қосып, өз аулаларын таза ұстауға және арамшөптерді жоюға шақырады.Бұл акциялар халық арасында экологиялық мәдениетті арттыруға және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамдық қызығушылықты оятуға бағытталған. Сондай-ақ, акциялар экологиялық туризмнің дамуына да оң әсер етеді.
Өңірдегі табиғи және тарихи киелі орындардың таза әрі тартымды болуы туристердің қызығушылығын арттырып, аймақтың экономикалық дамуына септігін тигізеді.Қоршаған ортаның таза болуы туристердің келуін қамтамасыз етіп, жергілікті халықтың тұрмыс сапасын арттырады. Сонымен қатар, экологиялық туризм аймақтың табиғи ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануға жағдай жасайды.
Қорытындылай келе, Түркістан облысының экологиялық саясаты мен жасыл экономикаға көшуі өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындардың денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау және экологиялық туризмді дамыту — бұл бағыттардың барлығы бір мақсатқа бағытталған: табиғатты қорғау мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен жергілікті билік пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқасында Түркістан облысы экологиялық тепе-теңдік пен экономикалық өркендеудің үлгісі болып табылады.