Көгілдір отын – Арыс қаласының тұрақты дамуы мен экологиясының негізі

Арыс қаласын толықтай табиғи газға қосу – Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының тұрақты қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында және маңызды мемлекеттік бастамаларында халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытып, экологиялық таза энергия көздерін кеңейту мәселелерін үнемі алға қойған. Түркістан облысы мен Арыс қаласындағы көгілдір отынға көшу жобасы осы ұлттық саясаттың нақты көрінісі іспетті.

Бүгінде қала әкімдігі мен мердігер мекеме – «Otebay Gaz» сенімгерлік басқарудағы газдандыру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, қысымдау және ақауларды жою сынды техникалық маңызды кезеңдерді сапалы орындап жатыр. Бұл – тұрғындарға сенімді әрі үздіксіз газ жеткізу үшін аса маңызды. Қазіргі таңда қала орталық көшелері толық газдандыруға бағытталған жұмыстардың басты нысаны болып табылады. Әкім Қайсар Маңқараевтың өз аралауы және бақылауы жұмыстың сапасын арттыруға ерекше ықпал етуде. Қала көшелеріндегі газ монтаждау жұмыстарының қарқыны жылдамдатып, күзге дейін толық аяқталуы жоспарланып отыр. Бұл – мемлекеттің халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту жөніндегі нақты ұстанымының айқын көрінісі.Тұрғындарға арналған маңызды кеңес – көгілдір отынға қосылу үшін жеке үйлерінде газ монтаждау жұмыстарын ертерек бастау қажеттігі. Қазіргі кезде қалада 9 мыңнан астам абонент газға қосылуы тиіс болса, оның 3 700-ден астамы газ жүйелерін өз уақытында орнатып, пайдаланып келеді. Алайда, әлі де көпшілік тұрғындар монтаждау жұмыстарына белсенділік танытпай, нәтижесінде жоба мерзімінен кешігу қаупі төнуде. Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік бұл мәселені түсіндіру жұмыстарын күшейту арқылы шешуді көздеп отыр. Қала әкімі тұрғындарды дайындықты бүгіннен бастап бастауға шақырып, нақты тапсырмалар бергені көңіл қуантады.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналан Жолдаулары мен стратегиялық тапсырмалары тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Түркістан облысының даму бағдарламалары мен арнайы жобалары Президенттің бұл бастамаларын жергілікті деңгейде жүзеге асыруға арналған. Арыс қаласындағы көгілдір отынға қосылу жобасы – осы бағдарламалардың жемісі. Бұл экологиялық таза, үнемді энергия көзіне көшуді қамтамасыз етіп қана қоймай, өңір экономикасының жаңа кезеңге өтуін жеделдетеді. Табиғи газға толық қосылу Арыс қаласының инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырады.   Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмалары мен Үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба экологиялық тазалық пен экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Арыс қаласының газдандыру жобасы – Қазақстанның жалпы энергетикалық дамуы мен экологиялық таза болашағына үлес қосатын маңызды іс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *