Бүгінгі бүкілхалықтық референдум Сайрам ауданында мерекелік көңіл-күймен атап өтілуде

Бүгін —елімізде жалпыхалықтық референдум өтуде. Осыған орай ауданымыздағы бірнеше ауылдық округте тұрғындардың көңілін көтеріп, референдумды сәтті өткізу үшін спорттық шаралар өткізіліп, концерт қойылуда. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Дауыс берушілер бұл саяси науқанның мәнісін біледі. Ел келешегіне қатысты референдум күні мұндай мәдени, спорттық іс-шара көпшілікке жақсы әсер етті.

Ал, дауыс беруге келген көпшілік өз таңдауларын жасады.

«Мен елімнің болашағы үшін алаңдайтын адаммын. Сондықтан бүгін таңертең ерте тұрып, дауыс беруге келдім. Біз мұндайы саяси маңызы бар дүниелерге бей жай қарамауымыз қажет. Себебі, ел болашағы бүгіннен басталады. Сол себепті баршаңызды референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын» — дейді сайрам ауданының тұрғыны Мінәжат Еркімбай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *