ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Созақ ауданындағы «Даңқ» мемориалында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Жиын барысында соғыс жылдарында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, гүл шоқтары қойылып, жиналған қауымға жеңіс лентасы таратылды. Одан бөлек, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен бейбіт өмірде дүниеден өткен ардагерлердің рухына құран бағышталды.
Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұртшылықты мерекемен құттықтап, ардагерлерге құрмет көрсету — ұрпақ парызы екенін атап өтті. Шара барысында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, шараның маңыздылығын көрсете білді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *