Таеквондодан жастар арасындағы ҚР чемпионатында Түркістан облысының спортшылары 6 жүлде еншіледі
Шымкент қаласында 1–5 мамыр күндері аралығында таеквондо (WT) спортынан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік жас спортшылардың басын қосқан дүбірлі дода жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты жекпе-жектерге толы болды.
Аталған бәсекеде Түркістан облысының жастар құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Бұл – өңірлік құраманың жүйелі дайындығы мен спортшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Жүлдегер спортшылар тізімі:
Сейдазова Нұрай – 44 кг (2-орын);
Абибулла Сылу – 42 кг, (3-орын);
Седмұхаммед Ғабит – 55 кг (3-орын);
Құралбаев Аманай – +78 кг, (3-орын);
Ғазиз Бегзат – 73 кг, (3-орын);
Төлбасиев Даниал – 48 кг, (3-орын).
Түркістан облысының таеквондо федерациясы мен жаттықтырушылар штабы жастар құрамасының көрсеткен нәтижесіне оң баға беріп, болашақта бұдан да жоғары жетістіктер күтетініне сенім білдірді.
Айта кетейік, бұл чемпионат жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы ғана емес, халықаралық аренаға шығатын жолдамаға бастайтын маңызды кезең саналады.