ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БҰРЫМДЫ БАЛУАНДАРЫ САМБОДАН ДҮБІРЛІ ДОДАДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Ташкент қаласында самбо және жауынгерлік самбодан «Asia» және «Oceania sambo championships» жарысы өтті. Додаға 21 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысып, боз кілемде сынға түсті. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған түркістандық арулар да жеңімпаз атанды.
Додада жауынгерлік самбодан +80 келіде сынға түскен Нұрила Асанқызына тең келер қарсылас болмады. 50 келіде сайысқа түскен Жадыра Пайыз да жеңіске жетті. Сондай-ақ, спорттық самбодан ел намысын қорғаған 50 келідегі Айман Ибрагимова топ жарып, жеңіс тұғырының биігінен көрінді. Спортшы арулар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, алтын медаль иеленді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *