ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЖОБАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында «Жалпы ұлттық құндылықтар — ел дамуы» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Жиын «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Шарада жоба аясында өткізілген 4 аймақтық семинарлар қорытындыланды.
Жалпы іс-шара түрлі саланың мамандарының пікірін ортаға салып, ұлттық құндылықтар бағытында жұмыстарды жүйелеуге бағытталған. Сондай-ақ, шарада ұлттық құндылықтар – елді біріктіретін, ұлтты ұйыстыратын күш екендігі айтылды. Кездесу соңында жобаға белсенді атсалысқан азаматтар марапатталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *