Жаңа Конституция жобасы Түркістан жастарына түсіндірілді
Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығы КММ-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша республикалық референдумды түсіндіруге бағытталған ақпараттық іс-шара өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға референдумның мәні мен маңыздылығын түсіндіру, ел болашағы үшін дауыс берудің жауапкершілігін насихаттау болды. Спикер ретінде Баймағанбетов Сәбит Төленбайұлы және AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Мадиярұлы Еркебұлан сөз сөйледі.
Спикерлер Конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына әсерін, әсіресе әділетті, ашық және қуатты мемлекет құрудағы рөлін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ әрбір азаматтың, әсіресе жастардың, елдік мәселелерге бей-жай қарамай, өз болашағы үшін дауыс беруінің маңыздылығы ерекше аталып өтті.
