Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаевтың төрағалығымен Түркістан қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өткізілді.
Мәжілісте қалалық «Жастар ресурстық орталығы» МҚҚ-ның басшысы А. Пиржанова, «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ның басшысы Г.Даханованың 2024 жылда атқарған жұмыстары тыңдалып, Түркістан ҚПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы А.Қаражігітова 2025 жылға жоспарланған жұмыстары бойынша баяндама жасады.
Комиссия мүшелері отбасыларды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі екенін, бұл бағытта жүйелі түрде қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Сонымен қатар, отырыс барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесі және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *