АУЫЗ СУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келес ауданындағы елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың жіті бақылауында. Осы орайда бүгін аудан басшысының төрағалығымен ауыз су саласындағы маңызды мәселелер сарапталды. Жиын барысында аудан аумағында құрылысы жүріп жатқан және өзекті болып тұрған нысандардың бүгінгі жай-күйі баяндалды.
Бүгінгі таңда аудандағы Ынтымақ, Жаңатіршілік, Үшағаш ауылдарындағы ауыз су нысанында мәселелер туындаған. Онда су құрамында құм және тұздың шамадан тыс көп болуы байқалуда. Осыған орай аталған нысандардағы мәселені шешу үшін Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй шаруашылық бақармасына ұсыныс хат жолданды.
Жиын барысында Ақжол, Қауыншы елді мекендерінде ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарындағы өзекті мәселелер сөз болып, түйіткілді шешу бағытында жобалар пысықталды. Аталған ауылдарға ауыз суды тасымалдау бойынша ауыл әкімдеріне тапсырма берілді. Аудан басшысы жауаптыларға қысқа мерзімде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу жолдары жөнінде нақты ұсыныс әзірлеп, ұсынуды тапсырды. Ауыз су тапшылығының алдын алуға қатысты тиісті жұмыстарға күш салуды жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *