Жас сарбаздар әскери Ант қабылдады
« Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 91678 әскери бөлімінің жас сарбаздарының әскери Ант қабылдау рәсімі салтанатты жағдайда ұйымдастырылды.
Жуалы ауданының аумағындағы 91678 әскери бөлімінде Отан алдында азаматтық борышын өтеп жатқан 100 жас сарбаз Түркістан, Жетісу, Ақмола обылыстарынан келген.
Мұндай қуанышты рәсім ауданның аумағындағы 91678 әскери бөлімінде өткізілді.
Жас сарбаздардың әскери Ант қабылдау рәсіміне Жуалы ауданы әкімінің орынбасары А.Ахметова, «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысының орынбасары артиллерия және зымыранды басқармасының бастығы Полковник А.Уразгулов, Түркістан облысы ардагерлер қоғамы Мирас қоғамының төрағасы И.Аманкулов , Ауған соғысының ардагері Е.Тлеубеков және сарбаздардың ата-аналары мен бауырлары, туған-туыстары қатысты.