Түркістан қаласының “ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2024” номинацияларын табыстау мерекесі өтті.

Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі “ Жастар ресурстық орталығы”КММ -нің тапсырысымен «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен “Достық үйінде” “Жыл үздігі — 2024” номинацияларын табыстау рәсімі болып өтті. Шара Түркістан жастарының жетістіктерін дәріптеуге және белсенділерді қолдауға бағытталған. Салтанатты жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, Облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Қала жастарының арасында жыл үздігі премиясы өткізу — жастарды ынталандырып, олардың жетістіктерін атап өту мақсатында ұйымдастырылатын маңызды шара. Мұндай іс-шаралар әдетте жастардың қоғамдағы рөлін бағалау, олардың шығармашылық, білім, спорт, волонтерлік және басқа да салалардағы жетістіктерін таныту үшін өткізіледі.
Бұл шара Түркістан қаласында жастарды ынталандыруға және олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына жаңа серпін берді. Жыл сайынғы “Жыл үздігі-2024” марапаттары өңірдегі дарынды әрі жігерлі жастардың танылуына мүмкіндік беріп, оларды одан әрі биік жетістіктерге ұмтылуға шабыттандыратыны сөзсіз.
Марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *