ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында түркістандық Айдар Арапов үздік үштіктің қатарынан көрінді. Әбдісалан Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ спортшысы жарыс жолына 90 келі салмақ дәрежесінде шығып, қола жүлдегер атанды. Балуанды баптап, бағы мен бабы қатар шабуына үлес қосып жүрген жаттықтырушылары – дзюдодан жоғары санатты жатықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Құрымбаев және білікті бапкер Бейбіт Маханов. Айдар Арапов бұған дейін ҚР-ның чемпионы, Жастар арасында Азия чемпионы, Халықаралық жарыстардың жүлдегері атанып үлгерген балуан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *