ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында 12-16 қараша күндері белбеу күресінен 2004-2006 жылы туған жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Жүзге жуық елдің іріктелген балуандары жиналған әлемдік дода тартысқа толы болды. Аламанда ел намысын қорғаған түркістандық ару Таңшолпан Өмірзақ 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола медаль алды.
Айта кетейік, Таңшолпан – Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Жаттықтырушысы — Нұрсейіт Қаңлыбай.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *