Төлеби ауданында әйелдер жұмыссыздығы азайып келеді
Қазіргі қоғамда жанұяның алар орны ерекше. Түркістан облысында әрбір үшінші кәсіпкер – әйел кәсіпкер. Қазақстанда 2030 жылға дейін отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта «Бақытты отбасы», «Жанұя», «Шаңырақ» және тағы басқа жобалар жүзеге асырылуда. Одан бөлек, Төлеби ауданында әйелдер жұмыссыздығын азайту бағытында көптеген жобалар қолға алынып, жүзеге асырылуда.
Биыл Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Жастар практикасына оқу орнын бітірген жұмысссыз 22 әйел жолданса, ал қоғамдық жастарға елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жұмыссыз 351 әйел жолданған. Сонымен қатар Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз 67 әйел жолданды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыстарға жұмыссыз 47 әйел жолданды. «Күміс жас» жобасы бойынша жұмыстарға жұмыссыз 51 әйел жолданды. Жалпы тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыз 235 әйел жолданса, барлығы 773 әйел жұмыссыздығы азайтылды.
Әлеуметтің әл-ауқатын көтеру, халықты жұмыспен қамту мақсатында елімізде бірқатар бағдарламалар қабылданды. Аталған мемлекеттік бағдарламалардағы міндеттерді орындап, оларды жүзеге асыру – жергілікті биліктің төл міндеті. Айта кетейік, жұмыспен қамту бағдарламалары халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне оң ықпал етуде.
Бұдан бөлек Төлеби ауданында құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық фактілері туралы 2024 жылдың 1-ші тоқсанында Төлеби ауданының көлемінде әйелдер жөнінде тіркелген қылмыстар және заң бұзушылықтар саны – 83. Жалпы ауданда тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алу бойынша ақпараттық насихат жұмыстары жүргізіліп, аудандағы 8 аудан,қала әжен ауылдарға баннерлер ілінген.
Ана мен бала өлімі бойынша ауданда өлім-жітімін төмендету мақсатында жоспар жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, реанимация бөліміндегі реаниматологтарды, Перзентхана бөліміндегі неонатолог медбикелерін және аймақтағы педиатрлерді Қауіпсіз ана және нәрестеге біріншілік реанимация тақырыбында үздіксіз оқуға жіберіліп, толық оқытылды. Төлеби аудандық ауруханасының құрлымы ішінен 4 неонатальды койка қосымша ашылды. УДЗ дәрігері М.Сытышова тума ақауы бойынша оқытылып жұмыс жасауда. Қосымша екінші УДЗ дәрігерін «Перинатальды скрининг» тақырыбы бойынша оқытып, екінші маман ретінде тағайындалды. ҚРДСМ-нің 25.08.2021ж шыққан № 91 бұйрығына сәйкес Төлеби аудандық ауруханасының емхана бөліміне 3 жасқа дейінгі аудиологиялық скринингін жүргізу мақсатында «Otoread» аппаратын алу жоспарлануда. Төлеби аудандық ауруханасында жұмыс жасайтын 1 сәулелік маманың жүкті әйелдердегі «Доплерография плода» тақырыбы бойынша оқуға жіберілді. «Ашық есік» күні ұдайы өткізіп тұрады. Қазан айында 0-5 жас аралығында Әмбебап прогрессивті моделі бойынша ҚР денсаулы сақтау министрлігінің №1027 бұйрығы бойынша үй аралау жұмыстары жүргізілді. Ана туған сәбилердің және ата аналарымен түсіндірме жүмыстар жүргізілді. Психологиялық қолдау көрсету мақсатында жүкті әйелдермен тренинг жұмыстары жүргізілді. Жас аналарға сәбиін дұрыс емізу тәртібі мен күтімі туралы әлеуметтік-психологиялық түсіндірме жұмыстар жүргізіліп,ақпараттық парақшалар таратылды.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында жылы отбасы тұрмыстық қатынастарда орыналған 53 құқық бұзушылықтар тіркелген. Соның ішінде әйелдердің құқытарын шектеу туралы қаралған шағымдар мен арыз саны 12, ӘЗЗҚЖ бөлімшелері қызметкерлерімен әйелдерге қатысты анықталған зорлық-зомбылық 5, оның ішінде, қозғалған қылмыстық іс жәйт жоқ, әкімшілік жолмен қаралғандары 7.
Жергілікті полиция қызметімен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды жасаудағы жауапкершілікке таратылатынын насихаттау, сондай-ақ профилактикалық рейдтер жүргізу мақсатында іс-шаралар жалғастылыруда. V.Ауыл әйелдерінің өмір сүру сапасын, білім деңгейін арттыруға, репродуктивті денсаулықты жақсартуға, сондай-ақ экономикалық жағдайын жақсартуға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы ақпараттық насихат жұмысы ұдайы жүргізілуде. 2,5% несие алуға, «Бастау бизнес» жобасы аясында гранттар берілуі туралы семинар, құқықтық кеңестер беріліп, әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады. Аудандық емхана, Ленгір қалалық емхана қызметкерлері «Ашық есік» күндері қабылдау өткізіп, үй аралап медициналық комек көрсетіп, кеңес беріп ауыл әйелдерінің денсаулығын жақсартуға ықпал етуде.
Алдағы уақытта Түркістан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жаңа редакциядағы жұмыс жоспары туралы аудан деңгейінде іске асыруға жұмыс жасалынады.