Сайрам ауданындағы отбасын қолдау орталығы 1 айда 45-ке жуық қызмет көрсетті

Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесі 2017 жылы Сайрам ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі сектор болып ашылды. Меңгерушісі Медеуов Галым Диллабекович және психолог мамандар мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар жұмыс атқаруда.

Өткен жылы Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы мен Сайрам ауданы әкімінің қаулысымен Сайрам ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесі болып ауыстырылды. Биыл екі бөлімшеден тұратын «Отбасын қолдау орталығы» КММ-сі ашылып, 1-сі Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі (халықтың қойған аты зорлық-зомбылық) бөлімшесі «Консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу» бөлімшесі болып өзгертіліп, 2-сі «Әдіснама және ақпараттық-ағарту жұмыстары бойынша құрылымдық бөлімшесі» болып Сайрам ауданы Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тікелей қарайтын орталық болып жеке бөлінді.

Сайрам ауданы «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің «Консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу» бөлімшесінің мақсаты – қыз-келіншектермен балалардың құқықтарын қорғау. Жасөспірімдерге байланысты ерте жүктілік, суицид жалпы аудан көлемінде суицидтің алдын алу бойынша аудандық «Білім бөлімі» Ақсукент аудандық орталық ауруханасы, Қарабұлақ аудандық орталық ауруханаларымен бірлесіп «Мемарандумға» тұрып жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде алдын алу мақсатында 15 кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер конференция мен форумдар өткізілді.

Аудан көлемінде аудандық прокуратураның басшылығымен комиссия түзіліп, әрбір қыз-келіншектермен кәмелет жасқа толмаған балаларға жасалған қылмыстар жете тексеріліп, зерделеніп әрбір қылмыстың себептері анықталуда, осы жұмыстарды жүргізуде «Консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу» бөлімшесінің қызметі орасан зор. 2024 жылдың 1-ші тамыз айынан «Отбасын қолдау орталығы» болғалы 1 ай көлемінде қыз- келіншектермен әйелдерге қарсы жасалған түрлі дәрежедегі 4 қылмыстық іс тіркелген.

«Консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу» бөлімшесінің 2024 жылдың бір айында 45 отбасы көмекке мұқтаж болып жүгінген, Оның ішінде 32 әйел азаматшалары, 10 ер азамат, 1 кәмелет жасқа толмаған жастар және 2 қарт адамдар. Барар жері мен басар тауы қалмаған 3 қыз-келіншек 8 балаларымен және кәмелет жасқа толмаған 1 жасөспірім облыстық «Дағдарыс орталықтарына» жіберіліп орналастырылды. 3 жәбірленушінің арызы аудандық полиция басқармасына заңды шешім қабылдану үшін жолданды. 3 жәбірленушінің (ажырасу, алимент бойынша) жинақталған құжаттары аудандық сотқа жолданды. Аудан көлемінде тіркелген әрбір суицидтен тірі қалған адамдар бақылауға алынып, жыл көлемінде бұл адамдармен жұмыстар жүргізіледі. Өмірдің қиын жағдайына душар болған әрбір отбасына мемлекеттік дәрежеде берілетін көмектер ұйымдастырылуда жалпы халықтық деңгейге жеткізу мақсатында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *