Түркістан облысында 180 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар

«Халқымыз үшін отбасы ұғымы аса маңызды. Расында әрбір отбасы – тұтас қоғамның айнасы. Отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүр сақталған Түркістан өңірі демографиялық өсім бойынша көш бастап келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік және қоғамдық институттар тарапынан отбасылардың әл-ауқатын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Өңірде жылдағы дәстүрмен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіліп отыр Бұл шын мәнінде нағыз халықтық қолдауға ие ұлттық жобаға айналды. Біздің облыста үлгі болатын отбасылар өте көп. Әртүрлі жобалар мен байқаулар бізге осыны көрсетіп келеді. Қуатты мемлекет те, ынтымағы жарасқан қоғам да – ең алдымен бірлігі бекем, берекесі мол отбасынан құралады. Өнегелі отбасылар – ертеңгі ел басқаратын зиялы азаматты да тәрбиелейді, бәсекеге қабілетті қоғамды қалыптастырады.

Өңірімізде отбасылар саны 400 мыңға жуық, оның ішінде 183 мың көп балалы отбасы. Бүгінгі таңда облыста халық саны 2 млн. 125 мың адамды құрайды. Жыл өткен сайын көпбалалы отбасылардың саны артып келеді. Қазірдің өзінде 60 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар. Мамандардың айтуынша, демографиялық ахуалдың жақсара түсуіне мемлекеттің қамқорлығы мен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы себеп екен. Өңірде өткен жылы көпбалалы аналардың саны 145 мың болса, биыл олардың қатары 38 мың анамен толыққан. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері әсіресе Жетісай, Сарыағаш пен Сайрам аудандарында көп тіркеліп отыр.

Түркістан облысында отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықты профилактикалау, жас отбасыларды қолдау, сондай-ақ отбасыларда жиі кездесетін проблемалық мәселелерді зертеу саласында бір қатар жұмыстар іске асырылуда. Отбасылар мен жастар арасында отбасылық рухани құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Оның ішінде: жастар және жас отбасылар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Біз бақытты баламыз!» тақырыптарында 4 дөңгелек үстел, 4 семинар-тренинг, 3 кездесу өткізіліп, 348 жас, 34 ата-ана қамтылды.
Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алуға отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, жанұяның беріктігін сақтауға, ажырасудың алдын алу мақсатында облысымызда кәсіби мамандармен 565 психо–профилактикалық жұмыстар (психологиялық, заңгерлік кеңестер және әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық қызметтер) жүргізілуде.
Облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдары, полиция және үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты, әлімжеттікті профилатикалау, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» және «Отбасындағы бейбітшілік», «Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Біз бақытты баламыз!» «Жанұям менің мақтанышым», «КелінLIFE», «Менің отбасым», «Әкең қамқоршың, анаң ақылшың» және тақырыптарында 75 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел, 12 кездесу және 3 спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4000 жас қатыстырылып және 250 жас отбасылар қамтылды.
Облыста «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол– ЖОҚ!» тақырыптары бойынша, мектептерде, жастар мен халық көп шоғырланатын жерлерде түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп, 5 000-нан аса үн парақша (брошюра) тарқатылды. Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесі,билер алқасы, Ассамблея жанындағы ақсақалдар мен аналар кеңестерін қатыстырып түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылуда. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында барлық аудан, қаладағы 117 сыртқы жарнама құралдарында баннер эскиздері мен видеориликтер орналастырылды. Сонымен қоса, БАҚ-да және әлеуметтік желілерде 568 ақпарат жарық көрген.
Облыста 2024 жылы жастар және жас отбасылар арасында отбасылық рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауы өткізілді. 9-рет өткізіліп отырған ұлттық байқауға Түркістан облысынан 131 отбасы өтініш білдірген.
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы тарапынан нақты жұмыс жүргізіліп, басқа мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарымен ағымдағы жыл басынан бірқатар ұйымдық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *