Күлдар өңіріміздегі кәсіподақ саласының дамуына бар күш-жігерін жұмсауда

Өңіріміздегі арулар мен ардақты аналар білім беру, медицина және өзге де салаларда абыройлы еңбек етіп келеді. Солардың бірі – Есебаева Күлдар Аралбекқызы. Ол 1965 жылы 17 сәуірде Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1983 жылы «Чардарастрой» басқармасында есепші болып бастаған. 1987-1994 жылдары облыс әкімшілігіне қарасты халықты әлеуметтік қорғау басқармасында бас маман, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1994-1995 жылдары Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық кәсіподақ комитетінің әлеуметтік сақтандыру инспекторы, 1995-2005 жылдары облыстық кәсіподақ комитетінің қаржы бөлімінің меңгерушісі, 2005-2007 жылдары облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарды.

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарып келеді. Ол осы жылдары өңіріміздегі кәсіподақ саласын дамытуға өз үлесін қосып, бар күш-жігерін жұмсауда.

Ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп келе жатқан Күлдар Аралбекқызының да еңбегі де елеусіз емес. Атқарған еңбектері бағаланып, әр жылдары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚР мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *