Сауранда «Тәуелсіздік тағылымы» атты іс-шара өтті

Аудан орталығы Шорнақ ауылындағы мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Оған ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Құрышбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов және зиялы қауым өкілдері мен білім саласының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейлхан Ахметов пен ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің маңызы мен мәні туралы кең көлемде айтып өтті. Ал, зиялы қауым өкілдері Қ.Рысбеков, С.Мұсаев жас ұрпаққа тәрбие беретін осындай іс-шаралар мен кездесулерді көптеп өткізу жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Құрышбаев қатысушыларға алғысын білдіріп, көпшілікті «16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтады.

Іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әннен шашу шашып, жыр термелер орындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *