«TURAN» облыстық интеллектуалды ойыны өтті
Түркістан облыстық » Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «TURAN» интеллектуалды ойыны өтті. Басты мақсат — жастардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейлерін көтеру.
Тартысты өткен сайысқа жалпы 17 команда қатысты. Нәтижесінде Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандарынан құралған «САУРАН» командасы жүлделі II- ші орынды иеленді.