Облыстық мәслихаттағы 13 мандатты қыз-келіншектер иеленген

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті. Оған облыстық ҚХА жанындағы қалалық, аудандық Аналар кеңесі мен облыстық этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы, «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының облыстағы әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева көпбалалы отбасылардың басым бөлігі шоғырланған оңтүстік өңірдегі отбасыларды, ана-мен бала құқығын қорғау үлкен маңызға ие екенін айтты. Аталған тақырыптар төңірегінде еліміздегі оң өзгерістерді, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту және еңбектегі кемсітушілікті жою үшін кешенді шаралар қабылданып жатқанына тоқталды. Өткен жылдың соңында партия жанынан қыз-келіншектердің көшбасшылығын дамытуды көздейтін «Әйелдер қанаты» ұйымының құрылғанын, оның бағыттары жөнінде кеңінен ақпарат берді. Ұйымның облыстағы алғашқы форумы да «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбына арналғанын, онда тақырып аясында маңызды талқылаулар болғанын тілге тиек етті.
Өңірде әйелдер қауымы барлық салада жемісті еңбек етуде. Облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жетекшілік ететін әйел азаматтарының үлесі — 32 пайыз. Қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы 5600-ден астам мемлекеттік қызметшінің 27 пайызын нәзік жандылар құраса, оның 244-і немесе 15 пайызы басшылық лауазымдарды атқарады. Облыстық мәслихаттағы 13 мандатты қыз-келіншектер иеленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *