Қазақ тарихын зерттеп жүрген нәзікжанды археолог

Тарихшы Айсұлу Асқарқызы 1998 жылдан бастап республикада жүргізілген көптеген қазба жұмыстарға белсене қатысып, тарихи қалалардың орнын анықтауда өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірден-бір маман. Ол Батыс Қазақстан облысындағы Жайық, Қырық оба ескерткіштерінде, Түркістан облысындағы Жуантөбе, Қараспан, Түркістан, Сидақ, Шойтөбе, Күлтөбе, Сауран қалашықтарында және Бөріжар, Талтақай, Күйік Мардан қорымдарында жүргізілген қазба жұмыстардың мүшесі, 2004-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясындағы Бөріжар отрядының жетекші қызметтерін атқарған.

Бұған дейін де көптеген археологиялық табыстарға қол жеткізген Айсұлу Асқарқызының қазба жұмыстарына қатысты 30-дан астам ғылыми мақаласы жарияланған. 2005 жылы оның «Оңтүстік Қазақстанның ерте ортағасырдағы зираттық ескерткіштері» атты монографиясы жарық көрді. Сонымен қатар, Айсұлу Асқарқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Созақ ауданында орналасқан Таңбалы тас шатқалындағы кешенді археологиялық жұмыстарды жүргізу» атты тақырыптағы жобаның авторы.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының Күлтөбе, Сауран, Шойтөбе қалашықтарының археологиялық зерттеу жұмыстарына қатысуда. Биыл Такия қақпасы жанындағы Керуен сарайдың орнын анықтап, тарихи тың деректердің бетін ашты.

Мадина САБЫР,

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз хатшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *