Күре жолдардың күтімі көңіл көншітпейді

Түркістан облысында республикалық жолдардың күтімі көңіл көншітпейді. Көбінің таңбалары тозған. Бояуы солғын тартқан. Зақымданған жол белгілері мен қисайған қоршаулар жөнделмеген. Суағар науалар тазаланбаған. «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Түркістан облыстық филиалының бөлім басшысы Қайрат Шәкіровтың айтуынша, мамандар республикалық желіге жататын 12 нысанды тексеріп шықты. 500 шақырымға созылған жол бойынан 179 ақау анықталды. «Оның ішінде KAZ06: Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізінің Түркістан облысындағы тұсы, сондай-ақ, KZ13-03 «Шымкент пен Өзбекстан Республикасының шекарасындағы Жібек жолы кенті маңындағы 98 шақырым, сонымен қатар KZ13-01 «Жизақ-Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыласкер – Сарыағаш-Абай-Жібек жолының 221-ші шақырымы. Мердігер «КАЖ-Сервис» ЖШС-не тиісті нұсқау берілді. Нәтижесінде 52 ақау жойылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *