Жетісай ауданында көшелердің 60 пайызы қанағаттанарлық жағдайда

Жетісай ауданында былтыр жалпы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1,1 млрд.теңге, облыстық және жергілікті бюджеттен   900,0 млн. теңге бөлінді. Бүгінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60 пайызды құрады.

2024 жылға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 562 млн. теңге бағытталған. Атап айтқанда, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 932,8 млн. теңгеге Ә. Оспанов, Құрбан ата, Сырабат елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 27,9 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жергілікті бюджет және субвенция есебінен 629,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 11,08 шақырымды құрайтын 10 көшеге орташа жөндеу. Ал, 66,1 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 3,92 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар 3 983,3 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 1 725,7 шақырымды, елді мекен ішіндегі көшелер 11025,7 шақырымды құрайды.

Соңғы 5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға дейін жетті. Былтыр 1,5 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылдың 25 қарашасында «Дарбаза– Мақтаарал» теміржолының құрылысы басталды. Бұл теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *