Іскер әйелдер «Мектепке жол» акциясына үлес қосты
Балалардың жазғы демалысы аяқталып, жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Жыл сайын осы аралықта өтетін «Мектепке жол» акциясына Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығы биыл тағы да үлес қосты. Қор мүшелері ақылдасқан түрде өздері қаржы жинап, 42 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған қол сөмкесін таратты.
Акцияға қатысқан балалардың басым бөлігі әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген отбасының балалары. Сондай-ақ, араларында ерекше күтімді қажет ететін оқушылар да бар. Акцияға қатысқан ата-аналар мен әлеуметтік қызметкерлер өз кезегінде қауымдастық тарапына алғыстарын білдірді.