Мақсаты биік іскер басшы
Шардара қаласында «Рахым-Сауап» қоғамдық бірлестігі күндізгі стационарлық жағдайдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» деген атаумен ашылған оңалту орталығы бес-алты жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балаларға қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда мұнда 1,5 жас пен 18 жас аралығындағы 42 бала тіркеуге алынып, дәрігердің тағайындауы негізінде өз мүмкіндіктеріне орай аптасына кемінде екі реттен мекеме мамандарынан өздеріне қажетті ем қабылдайды. Орталықта негізінен әлеуметтік сала мамандары логопед, дефтолог, медбике, психолог, массаж жасау бойынша қызмет көрсетеді.
Айталық, педагог-психолог Зүбәйра Жүсіпбаева балалардың психолгиялық даму жағдайын жақсарту, психологияық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, қиял-есте сақтау қабілетін дамыту мен қарым-қатынас жасау қабідетін нығайту бойынша қызмет көрсетсе, әлеуметтік педагог Феруза Нұрымбетова балалардың отбасындағы, қоғамдағы қатынс жасау қабілетін қалыптастырады. Білім қорын жетілдіріп, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылығын арттырады. Ал, логопед Зибагүл Жұмағұлова болса балалардың сөйлеу қабілетін арттырып, тілдік белсенділігін нығайтып, тілдің грамматикалық құрылымын меңгертуге, сөйлем құрауға машықтандырады. Фонеткиалық есту қабілетін, сөздік қорын, ұсақ моторикасын жасқартып, қалыптастырады. Жасұлан Балатаев тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балаларға массаж жасап, қызмет көрсетеді. Сол сияқты, әлеуметтік маман Жиынбай Сапаркүл, невропотолог Рәзиева Нұрғайша мен дефектолог Бектасова Фатима да өздерне тапсырылған міндеттерід мүлтіксіз орындайтын қызметкер. Жалпы әр балаға 20 минут көлеміне қызмет көрсетеді.
Әрине, мұның бәрін ұйымдастырып, бір жүйеге келтіру – бірінші кезекте басшыға байланысты екенідігі белгілі. Оңалту орталығының басшысы Ешбаева Зәуре Әбуқызы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің тумасы. А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі. Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы колледжі бен Шымскент қаласындағы «Дарын» университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша бітіріп, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде қызмет көрсету саласы бойынша жұмыс жасап, ұзақ жылдар бойы тәжірибе жинақтаған. Кейіннен өзінің күш-жігері мен қабілетін есептей келе қазіргі таңда маңызды болып есептелетін осындай орталық ашуды өзіне мақсат етіп қояы. Қандай мекеме болса да алғаш ашылғанда өзіне тән қиыншылықтары болады. Дегенмен, іскер басшы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек етуге ұжымды ұйымдастыра отырып, оның бәрін жеңе білді. Жетістерге де жетіп келеді. Орталықтан ем қабылдап, бес-алты ай нәтижесін көріп, ата-аналардың көзайымы болып жүрген балалардың қуаныштарында шек жоқ десек болады.
–Мүмкіндігі шектеулі жан да қоғамның бір бөлшегі. Олардың қоғамымызда өзімізбен тең дәрежеде қалыпты өмір сүруге жағай жасауды азаматтық борышымыз деп түсінеміз. Болашақта оларға көрсетлетін қызмет түрлерін арттырып, жұмыс саласын жетілдіру басты мақсатымыз, – дейді Зәуре Әбуқызы.
Ұжымның бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарының өзі бұған толық дәлел боларлықтай. Іскер басшының орны, масқсаты да әрқашан биікте болады. Лайым солай болғай.