Түркістан облысында ана мен бала өлімі төмендеген
Демографиялық өсім жоғары Түркістан облысында 200 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Жалпы өңірдегі 3 перинаталдық орталықтың әрқайсысында «Ұрықты қорғау орталықтары» жұмысы жолға қойылған. №2 облыстық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылды. Мұнда жүкті әйелдер бір күнде «бір терезе» қағидаты бойынша пренаталдық диагностиканың барлық түрлерінен өтіп, зерттеулердің жылдам әрі нақты нәтижелерін ала алады. Осы жобаны №1 және №3 перинаталдық орталықтарында ашу жоспарлануда.
Биыл 11 881 кеңес берілсе, оның 11 511-і жүкті әйелдер, 209-і туа біткен ақауы бар балалар, 161-і қауіп-қатер тобындағы әйелдер. 51 995 жүкті әйел пренаталды (УДЗ) скринингтен өтіп, 1 097 ұрық ақауы анықталды, 167 жүктілік үзілді, 121 бала туа біткен ақаумен туылды. 24 444 жүкті әйел биохимиялық скринингтен өтті. Неонаталды скрининг бойынша тиреотропты гормонға – 29 306, фенилкетонурияға – 29 306, кариотип – 129, FISH-әдісімен 931 жүргізілді. Облыс бойынша ақау анықталғаны – 33 (4%) құраса, республикалық көрсеткіш – 3,5 құрады. Президент тапсырмасы бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2023 жылы Түркістан облысына 556 квота бөлініп, 100% игерілді. Босанулар саны – 189, 207 нәресте дүниеге келді. Оның 18-і егіздер. 2024 жылы 663 квота бөлінген, қазіргі таңда оның 402-сі (60%) игерілді.
2018 жылдан бастап балалар саны өсуі байқалады. Ал туу көрсеткіші керісінше төмендеген. 2013 жылы 29,60-тан 2023 жылы 26,18 дейін. Сондай-ақ, балаларға көрсетілген көмектер бойынша облыстық балалар ауруханасында 82 жүрек отасы, Облыстық перинаталдық орталықтарында – 17 неонаталдық оталар жасалды. Ерте жастағы балаларды аудиологиялық скринингпен қамту – 95,4%, офтальмологиялық скрининг – 97,8%, неонаталды скрининг – 99%, психофизиологиялық – 95,2% құраған. 8 236 бала оңалту емін алды. Былтырғы жылмен салыстырғанда оң нәтижелерге қол жеткізілуде. 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткіші 9,8 құраса, нәресте өлімі – 7,3, неонаталды өлім 3,1.
Облыс бойынша соңғы он жылда нәрестелер өлімінің, неонаталды өлім мен балалар өлімінің коэффициенттері төмендегені байқалады. Нәрестелер өлімінің коэффициенты әрбір 1000 туылған нәрестеге шаққанда 13,4-тен 7,4-ке дейін, неонаталды өлімі 4,2-ден 3,5-ке дейін және балалар өлімі 16,6-дан 9,8-ге дейін төмендеген.
2024 жылдың 7 айында туылғандардың саны 29 357 бала туылған, 2023 жылмен салыстырғанда ай сайын туу саны азайған, абсолюттык санда қайтыс болған нәрестелердің саны да азайған және 215 құраған. Бірақ туылғандардың саны азайғанына байланысты нәрестелер өлімінің коэффициенты өскені байқалады.
Нәресте өлімі құрылымында туа біткен ақаулар мен перинаталды кезеңдегі аурулардың төмендеуі, тыныс алу аурулары бірқалыптылығы байқалады. Жарақаттар мен уланулар және жұқпалы аурулар санының ұлғаюы жазғы демалыс кезеңімен тікелей байланысты.
Бүгінгі таңға дейін 1 млрд. теңге қаржыға медициналық ұйымдарғы 205 дана қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Атап айтқанда ИВЛ, ЭКГ, монитор пациента, стол операционный, кровать медицинский, плазменный стерилизатор, анализаторлар және тағы басқа.
Облыс бойынша 22 босандыру мекемесі қызмет етуде. Үшінші деңгейлі 3 облыстық перинаталдық орталыққа 19 аудандық және қалалық босандыру мекемелерімен шала туылған нәрестелер мен ауыр жағдайдағы балалар тасымалданады. Қазіргі таңда, облыстық санитарлық авиация мекемесінде 2 реанимобиль (неонаталды емес ыңғайластырылған) қызмет етуде. Облыста арнайы реанимобиль жоқ. Жергілікті бюджет есебінен облыс көлемінде орналасқан перинаталдық орталықтарды арнайы неонаталды реанимобильмен қамтамасыз ету қажет. Бұл жергілікті бюджет есебінен 180 миллион теңге қаржы қажет етеді.
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының 2022 жылғы 3 наурыздағы № 94 н/қ бұйрығына сәйкес облыстағы перинаталдық көмектің 3 деңгейі бекітілген. 22 босандыру ұйымы болса, оның 12 — I, 7 — II, 3 — III деңгейлі ұйымдар. Аталған босандыру ұйымдарында барлығы 217 акушер-гинеколог, 95 неонатолог, 89 анестезиолог-реаниматолог жұмыс атқарады. 143 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген. Босандыру қызметінің негізгі көрсеткіштері Неонаталды өңірлендіру бойынша 138 нәресте 3-деңгейге ауыстырылды.
2024 жылғы 7 айда – 29 312 босану болса, 2023 жылғы 7 айда 32 243 құраған, яғни босанулар саны 2931-ге төмендеп отыр. Оның ішінде отамен босану көрсеткіші – 19,1 яғни 2,5%-ға жоғарылаған. Мерзімінен ерте босану – 2 248 құрап, 14,6%-ға өсіп отыр. Бұл көрсеткіштердің өсуі әйелдердің денсаулық индексінің төмендеп жатқанын көрсетеді.
2023 жылы 7 айда жүкті және босанған әйелдердің сыни (критикалық) жағдайлары саны – 75 құраса, биылғы жылы мұндай 51 жағдай тіркеліп, 24 жағдайға төмендеді.
Тірі туылған балалар санының 2013-2023 жылдар аралығындағы динамикасында 2017 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының көрсеткіштері, 2018 жылдан бастап Түркістан облысының құрылғаннан кейінгі көрсеткіштері көрсетілген. Динамикада туу деңгейінің төмендеуі байқалады. Сондай-ақ 2020-2021 жылдары пандемия кезінде туу санының қарқынды өскені де көрінеді.
2024 жылдың 7 айында – 2 ана өлімі жағдайы тіркеліп, көрсеткіш 6,8 құрады. 2023 жылдың ұқсас кезеңінде де 2 жағдай тіркеліп, көрсеткіш 6,3 құраған болатын.
Ана өлімі жағдайлары құрылымында 100% акушерлік себептерден орын алған. Барлығы республикалық штаб отырыстарында қаралып, талқыланды және тиісті шаралар қабылданды. Ана өлімінің көрсеткішінің соңғы он жылдағы динамикасында Түркістан облысының көрсеткіштері республикалық деңгейден төмен. Коронавирус инфекциясы салдарынан 2020 жылы көрсеткіштің 2,2 есе өсуі, 2021 жылы максималды көрсеткіш тіркелген. Өңірде ана мен бала өлімі көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмендеген.
Айта кетейік, облыстың денсаулық сақтау құрылымына 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым және 130 жекеменшік мекеме бар. Оның ішінде 36 емхана жұмыс істейді. Барлық медициналық мекемеге – 2 060 903 адам тіркелген. Соның ішінде әйелдер – 1 050 113, балалар – 917 511, фертильді жастағы әйелдер – 475 982, жасөспірім қыздар – 131 469. Биылғы жылдың 7 айында жүкті әйелдер саны 21 496, оның ішінде қауіп-қатер факторларымен – 13 151, экстрагенитальды аурулармен – 3 804, абсолютті қарсы көрсеткішпен – 184. Ерте жүктілік жағдайлары – 267, ал жасөспірімдер арасында босанулар саны – 182 құрап отыр.
Облыс бойынша медициналық ұйымдарда 351 акушер-гинеколог, 252 анестезиолог-реаниматолог, 95 неонатолог, 253 педиатр, 6 балалар кардиохирургы көмек көрсетуде. Аталған мамандармен қамтамасыз етілу – 99%.
2023 жылы 43 дәрігер шетелде білім алса, ал биыл 34 дәрігер біліктілігін арттырды. Өткен жылы бейінді мамандар даярлау үшін резидентураға 60 грант бөлініп, қазіргі таңда, 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде. Орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 650 грант бөлінген болатын. Биыл резидентураға грант 139 грант, орта медициналық қызметкерлерді даярлау үшін 600 грант бөлініп, қазіргі таңда қабылдау комиссиялары жұмыс істеуде.