Отбасы құндылығын нығайтудың маңызы айтылды
Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» бөлімшесінің ұйымдастырумен «Отбасы күніне» орай қоғамдағы отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында «Берекелі шаңырақ» атты тақырыпта семинар-тренинг өтті.
Іс-шараның жалпы мақсаты отбасы құндылықтарын ажырата алу және сақтауға тәрбиелеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-анаға деген бала махаббатын ояту, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ, отбасындағы қаржылық сауаттылық арттыру болды.
Кездесуге «Baglan-group» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрбанов Әбілқайыр Жүсіпбекұлы, Педагогика ғылымдарының магистр, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы, «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімі психологі Өміртаева Жансая Ержанқызы және жас отбасылар қатысты.
Кездесуге қатысқан жас отбасылар, ата-ана мен бала және әйелі мен күйеуінің қарым-қатынасын қалай жақсартуға, сонымен қатар, қазір таңдағы отбасылық бюджетті басқару туралы спикерлердің кеңесін тыңдап, тақырып төңірегінде толғандырған сұрақтарын қойып, оған арнайы мамандар жауап берді.
Жалпы бұл Отбасы күні мерекесінің еліміз үшін маңызы айрықша. Олай дейтініміз, бақытты әрі берік шаңырақ мемлекетіміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Сондықтан, елімізде отбасы институтын нығайту мен қолдауға арналған шаралар кешенді түрде өткізілуде.