Түркістан облысында отбасыны қолдауға арналған түрлі жобалар іске қосылуда
Отбасы және отбасылық құндылықтар – кез келген адамның өмірін құрайтын ең маңызды іргетас. Тұлғаның қалыптасуы да отбасыдан басталады. Ал отбасылық құндылықтар тұтас табиғаттың үйлесімді дамуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады. Балалардың мінез-құлқы отбасында болып жатқан оқиғалардың симптомы десек, қателесе қоймаймыз.Бүгінгі таңда отбасы құндылықтарын қалыптастыру өзекті тақырыпқа айналып отыр. Еліміздің барлық өңірлерінде аталған тақырыпта іс-шаралар өткізіліп, түрлі тәрби жұмыстар ұйымдастырылуда. Соның ішінде – Түркістан облысында отбасы құндылығын қалыптастыру үшін маңызды іс-шаралар атқарылуда.
Биыл жергілікті өңірлерде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, отбасылар мен жастар арасында отбасылық рухани құндылықтарыды қалыптастыру мақсатында арнайы іс-шара жоспралары бекітілген болатын. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алуға отбасылық құндылықтарыды дәріптеп, жанұяның беріктігін сақтауға және ажырасудың алдын алу мақсатында кәсіби мамандармен 565 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Жастар және жас отбасылар арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың» алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Біз бақытты баламыз!» тақырыптарында 4 дөңгелек үстел, 4 семинар-тренинг, 3 кездесу өткізіліп, 348 жас, 34 ата-ана қамтылды. Жалпы отбасы құндылықтарын насихаттауға ақсақалдар мен аналар да үлес қосуда. Одан бөлек өңірде әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы органдар белсенді түрде жұмыс істеуде.
Бұдан бөлек тұрмыстық зорлық-зомбылықтын алдын алу және отбасы құндылықтарын насихаттауға ардагерлер кеңесі, билер алқасы, Ассамблея жанындағы ақсақалдар мен аналар кеңестері де қол ұшын созып жатыр. Облыста 2024 жылы жастар және жас отбасылар арасында отбасылық рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауы өткізілді. 9-шы рет өткізіліп отырған ұлттық байқауға Түркістан облысынан 131 отбасы өтініш білдірген. Ал отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Біз бақытты баламыз!» тақырыптарында 4 дөңгелек үстел, 4 семинар-тренинг, 3 кездесу өткізіліп, 348 жас, 34 ата-ана қамтылды.Сонымен қатар ағымдағы жылы аудан, қала бойынша жас отбасылардың санасына отбасылық құндылықтардың маңыздылығын сіңіру, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін алдын-алу мақсатында «Шаңырақ» жобасы аясында семинар-тренинг және жас отбасылар арасында отбасы күніне орай жастарды салт -дәстүрге, отбасындағы құндылықты дамытуға толыққанды тұлғалық және дамуына, өзін- өзі тəрбиелеуге жəне өзін дамыту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастыру жоспарлануда.
Айта кетсек, облыс бойынша ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, бірлікке шақыру мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!», «Отбасындағы бейбітшілік», «Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»,, «Біз бақытты баламыз!», «Жанұям менің мақтанышым», «Келін LIFE», «Менің отбасым», «Әкең қамқоршың» анаң ақылшың» және басқа да тақырыптар да 75 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел, 12 кездесу және 3 спорттық сайыстар өткізілді. Соның нәтижесінде, 4000 жас қатыстырылып және 250 отбасы қамтылған.
Сондай-ақ қазіргі уақытта әйелдер мен балалардың құқығын қорғау жұмысы тиімді жүргізілуде. Олардың құқығын қорғау үшін мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық кеңестермен арнайы іс-шаралар өткізілуде.
Түркістан облысында отбасыны қолдауға арналған түрлі жобалар іске қосылуда. Соның бірі – жанұяны қолдап, қорғауға бағытталған «Отбасыны қолдау секторлары» қызметі. Аталған секторлар облыстың 10 елді мекенінде ашылды. Атап айтқанда, аталған орталықтар Отырар, Жетісай, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Келес аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан ашылып отыр. Бұл саладағы мәселелерді облыс әкімі Дархан Сатыбалды өзі тікелей бақылап отыр. Бұл орталықтарда аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар баланы тәрбилеп отырған аналарға психологиялық қолдау, құқықтық көмек көрсетіледі. Оған қоса «Әлеуметтік-псиохологиялық сүйемелдеу» секторлары арқылы азаматтарға психологиялық сүйемелдеу, кеңес беру, бағдарлау қызметтері көрсетіліп келеді. Жыл басынан бері аталған бағытта 348 арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы саны 3000-ғы жуық адам қызметтермен қамтылған. Оның ішінде 500-ден астам адам тұрмыстық зорлық-зомбылықы мәселесі бойынша жүгінген.
Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторлары арқылы анықталған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге үкіметтік емес ұымдар қызмет көрсететінін мамандар айтады. Онда әлеуметтік псиохологиялық сүйемелдеу бағытында жұмыс істейтін «Сенім-ай» Қоғамдық бірлестігі» «Жігерлі жүрек» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі осыдан 7 жыл бұрын қызметін бастап, басқарма тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қызмет көрсетіп келеді. Бұл орталықтардың сыйымдылығы 50 адамға шақталған. Орталық некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдардың алдын алу шаралары бойынша қызмет көрсетеді. Сонымен қоса әйелдерге ақпараттық, заңгерлік, психологиялық қолдау, жұмысқа орналасуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға көмек көрсету, тегін медициналық көмектік және біліктілігін арттыруға көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу, мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша кеңестер беру шаралары ұсынылады.