АЭС-тің қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ
Францияда энергияның 75 пайызы ядролық энергетикадан алынады екен. Жалпы ядролық энергетиканың пайдасы орасан зор. Ең алдымен ол қалдық шығармайды. Содан кейін оны жасыл энергетика көзі ретінде тануға болады.Айналаға ешқандай зиянын келтірмейді. Біздің елімізде электр энергиясы өндірісіне көмір қолданылады. Ал, оның қоршаған ортаға зияны көп. Мемлекетіміздің ең басты байлығы адам дейтін болсақ, бұл ретте сөзсіз адам денсаулығына зиян келтірмейтін істі қолға алуымыз керек.
Бүгінде Қытайда 57 АЭС жұмыс істейді екен. Одан бөлек, тағы 47 атом электр станциясы салынуда. Былай қарағанда, Қытай мемлекеті соңғы 30-40 жылда атом электр станицясын үздіксіз салып келеді. Әрине, оның тиімділігін көріп отыр. Әрі сол арқылы экономикалық өсімге қол жеткізуде.
АЭС-тың елдің экономикалық тұрғыдан өсіп, өндеуіне тигізетін әсері орасан зор. Өзіңіз қараңызшы, қазір біз электр энергиясын үздіксіз пайдаланатын болдық. Қолымыздағы ұялы телефонның өзі де сол электр энергиясынан қуат алып, жұмыс істейді. Осыдан-ақ, біздің күнделікті тұрмысымызға электр қуатының қаншалықты қажет екеніне өзіңіз-ақ көз жеткізе беріңіз. Ал, өндіріс орындарына электр қуаты бұдан бірнеше есе керек. Еліміздің экономикасы өркендесін десек, өндірістің жұмысын жандандыру түсу ләзім. Ал, ол үшін ең алдымен электр энергиясы қажет.
Міне, сондықтан да бізге электр энергиясын үдіксіз өндіріп беріп отыратын бірден-біо жоба, ол – АЭС. АЭС-ның құрылысы жүргізілетін болса, құрылыс жұмыстарына 8000 адам тартылады деген болжам жасалуда. Одан бөлек, 2000-нан астам адам тұрақты жұмысқа қабылданады. Осылайша, біз алдағы 10 жылда техника мен технология саласының таптырмас мамандарды даярлап шығатын боламыз.
Қорыта айтқанда, Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға барлық мүмкіндік бар. Бұйыртса, жобаның құрылысын бастан-аяқ мемлекет қана емес, халықаралық ұйымдар да қатаң бақылауда ұстайтын болады. Сондықтан, оның сапасына, қауіпсіздігіне алаңдауға еш негіз жоқ.
Қайрат Қуанышбекұлы,
қоғам белсендісі