Электр энергиясы кәсіпкерлерімізге қолбайлау болмауы керек

Зерттеушілердің айтуынша, енді он жылдан кейін елімізде электр энергиясын пайдалану сағатына 152,4 млрд кВт болады. Ал, ол кезде қазіргі энергия көздерінің әбден тозығы жетіп, сағатына небәрі 135 млрд кВт беретін болады. Қазіргі таңда елімізде электр энергиясының басым бөлігін көмір станциялары беруде. Энергияның үздіксіз шығаратын табиғи қайнар көздердің үлесі 6 пайызға әрең дегенде жетеді. Сондықтан, біз АЭС салу арқылы ғана электр энергиясының тұрақты және сенімді көзіне қол жеткіземіз. Және электр энергиясына деген қажеттіліктің орнын толтыра аламыз.

Меніңше, АЭС-тің осындай артықшылықтарын ескеретін қоғам оның құрылысының жүргізілуіне қарсы болмайды. Әрине, ертеңгі күнге алаңдаушылық тудырып отырған да жоқ емес. Алайда, АЭС салудың мүмкіндігі жете зерттеп келе жатқан ғалымдар оның болашағымызға қауіпі жоқ екенін алға тартуда. Былай қарағанда, күнделікті тұрмыста техникаларды жиі қолданамыз. Қолымыздан түспейтін ұялы телефонымыздың өзі де қуатсыз жұмыс істеймейді. Электр энергиясын тұтынушылар саны сағат сайын өсіп келеді. Бұлай жалғаса берсе жоғарыла тілге тиек етіп өткен он жылымызда жағдайымыз қандай болмақ?..

Оның үстіне, елімізде қуат өндіретін станциялар күн өткен сайын тозып барады. Елдегі электр энергиясын тарататын 222 станцияның 148-і жаңартылған энергия көздеріне тиесілі. Қалған 80-ге жуығының 65 пайызы ескірген. Оның үстіне елімізде электр энергиясының көбісі шамамен 70 пайыз көмірмен өндіріледі. Ал, станицялар жыл өткен сайын ескіруде.

Ел экономикасына өндіріс орындарының дамуы айтарлықтай оң ықпалын тигізеді. Дегенмен, өндіріс орындарын қаншалықты көп ашатын болсақ, бізге соншалықты деңгейде электр қуаты қажет болмай ма? Осы жағынан алғанда бізге экономикамызды өркендетіп, өндіріс орындарының жұмысын жандандыру үшін электр энергиясы керек. АЭС салу мүмкіндігіне қол жеткізбейтін болсақ, алдағы 10 жылда электр энергиясы кәсіпкерлерімізге қолбайлау болады.

Қазір әлем елдерінде көмір қолданылмайды. Көп мемлекеттер одан бас тартқан. Өйткені, ол қоршаға ортаға орасан зор нұқсан келтіреді. Адам денсауығына зиян. Сондықтан, бізге де одан бас тартқан абзал. Жаңартылған энергия көздері тұрақты емес. Осындай мәселелерді ескеретін болсақ, бізге АЭС салудың қажеттігі анық байқалады. Электр энергиясының дағдарысы жылдан жылға өспесе кемімейді.

Жалпы АЭС салу мәселе елімізде кеше ғана көтерілген жоқ. ол тақырып қаншама жылдан беру қаузалып келеді. Еліміз өркендесін, бәсекеге қабілетте болсын дейті болсақ, бізге тұрақты энергия көзі қажет. Қарап отырсақ, қазір әлемде АЭС-ке тең келетін балама жоқ. Бүгінде дүниежүзінде 31 елде 450-ден астам реактор жұмыс істеп тұр. Тағы 50-ден астамының құрылысы жүріп жатыр. Бұл бойынша қазір АҚШ, Франция, Қытай , Жапония, Үндістан елдері көш бастауда. Соның ішінде Франция мемлекеті электр энергиясының 75 пайызын атом электр станцияларынан алып, артылғанын Еуропа елдеріне экспорттай бастады. Француздар бұдан жылына 3 млрдтан астам табыс табады деседі.

Абдигаппар Маннанов,

Сайрам ауданының тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *