Ең алдымен тыныстайтын ауамыз тазарады

Атом электр станциялары елдегі индустриализациялау мүмкіндіктерін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді. Әлем елдерінің ішінде бұл жағынан Бразилия мемлекеті өте тәжірибелі. Бүгінде ол ядролық отынмен өзін-өзі қамтамасыз ететін елге айналып, өзгелерге үлгі болып отыр.

Соңғы жылдары Беларусияда екі атом станциясы салынды. Яғни, екі реактор. Сөйтіп, газ бен мазутты алып тастады. Қазір Беларусияның ауасы таза деуге болады. Біз де осындай деңгейге жетуіміз керек. Ең алдымен тыныстайтын ауамыз таза болуы керек. Сол үшін қазір елімізде АЭС салу мәселесі қоғамның талқысына түсіп отыр. Ел ішінде бұған қарсы пікір білдіріп жатқандар баршылық. Дегенмен, жуырда стратегиялық зерттеу институты жүргізген сауалнамаға сүйенсек, халықтың 53 пайыздан астамы станция салуды қолдауда.

Қазір әлемде тәулігіне 24 сағат, ал аптасына 7 күн электр энергиясын өндіріп беріп отырған тек қана атом электр станциялары. Атом электр станциялары да күн энергиясы сияқты. Ешқандай көмір қышқыл газын бөліп шығармайды. Ол бірінші кезекте өндірісті дамытып, экономиканы арттыруға үлес қосады. Ғалымдардың мәлімдеуінше, бір емес, бірнеше ядролық зерттеу институтының базасындағы реакторлар 60 жылдан бері қалтқысыз қызмет етіп келеді. Сондықтан, Қазақстанның атом энергетика саласында тәжірибесі жоқ дей алмаймыз. Бүгінде елімізде үш зерттеу реакторы бар. Оның екеуі Курчатов қаласында, ал біреуі Алматы қаласында жұмыс істеп тұр. «Сонымен қатар Қазақстанда ВН350 деген атом электр стансиясы болды. Ол уақыттарда ондай атом электр стансасы әлемде жоқ еді. Қорыта айтқанда, қазақстандық ғалымдар осындай 4 үлкен ядролық кешенде жұмыс істеді. Елімізде салындуы мүмкін болған АЭС-тің бұл үш реактордан ешқандай айырмашылығы жоқ», — дейді зерттеушілер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтажбыз. Сондықтан, менің ойымша, атом энергетикасының дамуына барынша назар аудару қажет. Генерацияның бұл түрі біздің экономикамыздың қарқынды дамып келе жатқан қажеттіліктерін едәуір қанағаттандыра алады. Қазіргі уақытта дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық АЭС жұмыс істейді. Біз еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып, болашақ туралы ойлауымыз керек. Сондықтан Мен әрқашан атом электр станциясын салу мәселесі бойынша ойластырылған шешім қабылдау, қоғамда стратегиялық сипаттағы жоспарларды кеңінен талқылау қажеттілігін талап етемін», деген болатын.

Қазіргі таңда елімізде атом электр станциясын салуға бірнеше ел қызығушылық танытуда. Олардың ішінде Франция, Қытай, Оңтүстік Корея және Ресей бар. Бұл ретте әрине әр мемлекеттің тәжірибесіне көңіл бөлінетін болады.

Голярко Владислав,

«Generation» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *