Тоғыз жасар балаға күрделі ота жасалды
Облыстық балалар ауруханасының балалар нейрохирургтары «бас миының эхинококкозы. Көп камералы эхинококк кисталар» диагнозымен 9 жастағы пациентке ота жасады.
Жасөспірімнің ауырып жүргеніне шамамен 3 ай болған, бас ауруы, бас айналу, көру қабілетінің нашарлауы байқалған. Мидың МРТ сканерлеуінен де мидың көлемді көп камералы цистикалық түзілуі анықталды.
Науқас облыстық балалар ауруханасының нейрохирургіне көрінген соң, балалар нейрохирургиялық бөлімшесіне жедел жатқызылады. Бас миының эхинококкозына шалдыққан науқасқа ота жасалып, көп камералы эхинококк кистасы алынып тасталды. Төбесі мен шүйдесіне сүйек-пластикалық трепанациясы жасалды. Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарды.
Реті келгенде айта кетейік, биылғы 1 шілдедегі көрсеткіш бойынша Түркістан облысы тұрғындарының саны 2150,8 мың адамды құрады. Атап айтқанда, қалаларда 533,3 мың адам, ауылды елді мекендерде 1617,5 мың адам тұрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облыста халық саны 17,2 мың адамға немесе 0,8 пайызға өскен.
Тарқатып айтар болсақ, 2024 жылғы қаңтар-маусым аралығында облыс халқының табиғи өсімі 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға кеміді, яғни 21506 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,11 құрағанын ескерте кетейік. Биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында облыс бойынша 26499 нәресте дүниеге келген. Мұның өзі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға кем деген сөз. Енді оның қаншасы ұл, қаншасы қыз дегенге келсек, дүниеге келген сәбилердің басым бөлігін ұл балалар құрап отыр. Дәлірек айтсақ, осы кезеңде 13855 ұл бала,12644 қыз бала дүниеге келген. Яғни, 1000 қыз балаға 1096 ұл баладан келеді. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 24,78 туылғандарды құрады.