Оқушыларға оқу құралдарын табыстады

Арыс қаласында «Атамекен» кәсіпкерлік палатаның жанынан құралған «Іскер» әйелдер кеңесінің мүше кәсіпкер ханымдары мен Арыс қаласындағы имамдар, бас имам Қажымухан қажының біргелесіп ұйымдастыруларымен Арыс қаласындағы «Орталық» мешітте «Мектепке жол акциясы 2024», қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараға Арыс қаласының білім беру ұйымдарынан 1 және 9 сыныпта оқитын 70-ке жуық оқушы қатысты.

Оқушыларды, ата-аналарын, педагогтарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушыларға сумка, оқу құралдарымен табысталды.

Жалпы биыл облыста «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан 60 693 балаға мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланған болатын. Өңірдегі экономикалық есептеулер нәтижесінде әр балаға 43 407 теңгеден үлестірілетін болды. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтың мәлімдеуінше, аталған қолдау мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар және жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға, сонымен қатар білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен өзге де санаттарға жататын тәрбиеленушілерге беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *