Жолдау жүктеген міндет: Шардарада жол жөнделіп, инфрақұрылым жаңаруда
Биыл Шардара ауданында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында ауқымды және жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Аудан аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 603,06 шақырымды құрап, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар – 165 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 58,23 шақырым және елді мекен көшелері мен ішкі шаруашылық жолдар – 379,83 шақырымды құрайды. Бұл көрсеткіштер өңірдің көлік инфрақұрылымын нығайтуға, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған Мемлекет басшысының Жолдауларында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларында және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық міндеттерінде нақты көрініс табуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауларында көлік инфрақұрылымын дамыту, елді мекендерді сапалы жолдармен қамтамасыз ету – әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Бұл бағыттағы тапсырмалар Түркістан облысы мен Шардара ауданының даму жоспарына толықтай енгізіліп, нақты іс-шаралар кешені іске асырылуда. Парламент пен Үкіметтің қолдауымен өңірде жолдарды жаңарту, қайта жөндеу және сапалы көлік қызметін ұйымдастыру мәселелері үздіксіз назарда.2025 жылы Шардара ауданында жолаушылар көлігін жаңарту жұмыстары толығымен аяқталып, қалаішілік және ауданішілік бағыттарда қызмет көрсететін қоғамдық көлік паркі заманауи «Газель» маркалы шағын автобустармен толықтырылды. Осыған сәйкес, бюджеттен 49,22 миллион теңге бөлініп, «Қала-1», «Қала-2», «Қала-3» қалаішілік бағыттары мен «Шардара–Достық–Шардара», «Көксу–Шардара–Көксу» ауданішілік бағыттары қамтылды. Бұл жаңарту жолаушыларға сапалы, қауіпсіз және қолжетімді көлік қызметін ұсынуға мүмкіндік берді.Сонымен қатар, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына ерекше көңіл бөлініп, Жаушықұм–Қалғансыр бағытындағы 8 шақырымдық жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Бұл жоба облыстық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылып, мердігер ретінде «Строительная компания Строймонтаж» ЖШС тартылды. Жолдың сапалы әрі сенімді болуы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.Шардара қаласында да жолдарды күтіп-ұстау және жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 390,6 миллион теңге бөлініп, қаладағы 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жұмыстар 2026 жылға дейін аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, №26 көше мен қаладағы демалыс аймағына баратын жолға тас төсеу жұмыстары 106,7 миллион теңге сомасында жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Асем-Жарық» ЖШС атқаруда.
Қаланың негізгі көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 35 миллион теңге қаражат бөлініп, бұл бағыттағы жұмыстар да белсенді түрде жалғасуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында да маңызды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыстық бюджеттен 528,2 миллион теңге бөлініп, Қ.Тұрысбеков және Алатау батыр ауылдық округтерінде 15 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдарды дамыту аясында 483 миллион теңгеге Жаушықұм–Қалғансыр бағытындағы 8 шақырымдық жол жөнделуде. Бұл жоба 2026 жылға өтпелі. Осы жұмыстардың барлығы Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауларында көрсетілген міндеттер мен бастамаларды іске асырудың нақты көрінісі болып табылады. Жолдауында Мемлекет басшысы ауыл мен қала арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты азайтуға, ауылды дамытуға, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге ерекше мән берген болатын. Қорыта айтқанда, 2025 жылы Шардара ауданында жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдарын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар – бұл тек инфрақұрылымды жақсарту ғана емес, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен Жолдауларында қойылған мақсаттарды жүзеге асыру аясында ауданның көлік саласы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, тұрғындардың өмір сапасы айтарлықтай жақсара түсті. Бұл үрдіс әрі қарай да жалғаса бермек.
