Келес ауданында 5 ауылда тамшылатып суғару әдісі қолданылуда

Аудан аумағында жалпы 26 мың гектар суармалы егіс алқаптары орналасқан.Алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, жылына 2-3 өнім алу бойынша ағымдағы жылы 320 шаруа қожалық жалпы 1655 гектарға егіс егілді. Аудан аумағында 148 канал мен 144 қашыртқы бар.

Былтыр Ирригация жүйелерін қалпына келтіру бойынша Қошқар ата ауылдық округі аумағында 7 канал (жалпы ұзындығы 32,7 ш.қ), Біртілек ауылдық округі аумағында 5 канал (жалпы ұзындығы 28,1 ш.қ), Ошақты ауылдық округі аумағында 12 канал (жалпы ұзындығы 73,3 ш.қ), Ақтөбе ауылдық округі аумағында 4 канал (жалпы ұзындығы 18 ш.қ), Абай ауылында 1 канал (жалпы ұзындығы 4,7 ш.қ) толығымен механикалық тазалаудан өтті. Атқарылып жатқан жұмыстар кестеге сәйкес жалғасын табуда.

Жаңа технологияларды енгізу және ағын суды үнемдеу мақсатында 2023 жылы 246,8 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. 2024 жылы су үнемдеу технологиясын ендіру жоспары 1037,8 га аумаққа ендіру жоспарлануда. Оның ішінде тамшылатып суару арқылы 622,77 гектар. Жаңбырлатып суару арқылы 415,09 гектар.Бүгінгі таңда жалпы тамшылатып суару ендірілген аумақ 1818 гектар жерді құрайды.Тамшылатып суғару әдісі  Ақтөбе, Алпамыс батыр, Бірлесу, Жүзімдік және Қошқарата ауылдық округтерінде енгізілген. Жалпы 98 агроқұрылым 246,8 гектар аумаққа енгізген. Ағын су тапшылығын жою және ағын суды үнемдеу мақсатында  негізінен көкеніс және бау шаруашылығы өнімдерін өндіруге қолданылады. Тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы аудан аумағында ағын су тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

Ауданда жалпы 89 жаңа техника және 110 қосалқыагрегаттар алынды. Бұл өз кезегінде шаруалардың еңбектеріне орасан көмегін тигізуде. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау арқылы 933,0 млн.теңге инвестиция тартылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *