Қазақстанда бір күнде 6 адам газдан уланып, ауруханаға түсті
Төтенше жағдайлар министрлігі бір тәулікте 6 адамның газдан уланғанын мәлімдеді.
8 наурыз сағат 23:07-де Семей қаласының «101» пультіне жедел жәрдем стансасының кезекші диспетчерінен Цветочная көшесінде төрт баланың газдан уланғаны туралы хабар түскен.
Ақпарат жинау барысында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережесін бұзғандықтан түтін мұржасы тартылмай қалғаны белгілі болды.
Сол себепті 4 және 5 жасар балалар улы газдан жеңіл дәрежеде уланған. Олар дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді.
Сондай-ақ, 11 және 7 жасар балалар газдан орташа дәрежеде уланып, дәрігерлер тексергеннен кейін Семей қаласының «Бүйрек орталығы» мекемесіне токсикология бөлімшесіне жатқызылды.