Арыста 10 мың тұрғын табиғи газ тұтынады

Жақында Арыс қаласындағы 6 шағынаудан тұрғындары газға қолжеткізді. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанды іске қосу үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен маңызды жобаның жұмысы қайта жанданды.

Нысан құрылысын аяқтап, әрі қарай халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі «Жібек жолы – Келес газ» мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілді. Мекеме міндетіне Арыс қаласының тұрғындарын үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету және техникалық қажеттілігіне байланысты жөндеу (реконструкция және т.б.) жұмыстарын жүргізу кіреді. Компания қазан айының соңына дейін 45 мыңнан астам тұрғынды 100 пайыз газбен қамтуды жоспарлап отыр.

Осы күні Арыс қаласындағы «Почтовый», «Сырдария», «ШПЗ», «Хлопком», «Наурыз» тұрғын аудандарына табиғи газ берілді. Яғни бір күнде екі мыңға жуық тұрғын үй немесе 10 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды іссапар барысында тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Түркістан облысында жылдар бойы тоқтап тұрған 40-қа жуық газ нысандарының проблемасы шешілді. Бір жарым жылдың ішінде саладағы «сақалды құрылыстар» ретке келтіріліп, 120 мың тұрғын үй табиғи газбен қамтылды. АГРС проблемасы жақын уақытта толық шешілмек.

– Бүгін расында көптен күткен қуанышты күн. Бұл мәселенің маңыздылығын түсініп, аз уақыт ішінде құрылысы аяқталмай тұрған инфрақұрылым нысандарын қайта қолға алдық. Басталған іс біту керек. Облыс аумағындағы мұндай нысандар кезекпен шешілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылды дамытуға күш салынған. Бұл жұмыстар тоқтамайды, – деді Дархан Амангелдіұлы.

Айта кетейік, Түркістан облысында былтыр 115 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Яғни газбен қамтылған әрбір 3-ші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *