Депутат — қоғамның белсенді мүшесі

Биылғы жылы ҚР Мәслихатының құрылғанына- 30жыл толып отыр. Орда бұзар отыз жастағы құрылым осы уақыт аралығында еліміз тағдырында шешуші роль атқаратын күре тамыр биіктерге қол жеткізді. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қаншама игілікті істер атқарылды. Билік тармақтары арасында тепе- теңдік орнатып, ықпалды басқару жүйесін қалыптастырып отырған Парламенті, есеп беретін Үкіметі бар тұжырымға негізделген құрылымда билік пен халық, қоғам арасындағы алтын көпір — депутаттардың бүгінгі таңдағы ролі қандай? Депутаттық мандат иелері мен бұқара халық арасындағы байланыс қандай деңгейде? Осындай сауалдар толғандырған біздер Түркістан облыстық мәслихатының жетінші және сегізінші шақырылым депутаты, «Аманат» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облысының Құрметті азаматы Қалыйма Жантөрееваға жолығып, сұхбаттасқан едік.

Әжесінің «обком қызы»

Бәріміз де «шыр» етіп жерге түскенде өз өміріміз, өз тағдырымызбен түсеміз. Маңдайға жазған тағдыр- талайымыз бар. «Өмір» атты үлкен айдынның тереңіне батпай жүзу үшін де қажыр- қайрат, жігер керек. Қала берді, өскен орта, ұшқан ұя, отбасындағы тәрбие мен ұлттық құндылықтардың қосар үлесі бар. Біздің кейіпкеріміз  балалық шағы, өскен ортасы, жанұялық тәрбие туралы әңгімелегенде, атамыз қазақтың көрегендігіне, даналығына, дала философиясының қате кетпейтініне тәнті боласыз. «Болатын баланың бетінен қақпа, белін бу», «Баланы жілік ұстағанынан таны», «Ақылды тентек, есі кірген соң өзі- ақ қояды,»-  деген пәлсапалар талай рет өзін ақтаған. Қалыйма да «Шаңқобыз үні»- деген әссесіне өзек еткен Рәзия әжесі туралы толғана әңгімеледі. Бәлкім, сүйікті оқырманымда «Депутат пен әженің не қатысы бар?»- деген ой да қылаң берер. Қатысы бар. Өйткені, адам бойындағы қасиет отбасынан басталады.

-«Мені алғаш көрген адам мінезі өте қатал деп ойлайды. Кез- келген адам бетіме ойларын айта алмайды. Тіксініп тұрады. Сұстым бар. Шешемнің  әкесі өте үлкен би болған. Бір ауылды аштықтан аман алып қалған.Кейіннен Қырғызстанға қоныс аударғанда, сол жақта ол кісіге ескерткіш тұрғызылған. Кейіннен Рәзия әжемнің қолында өстім. Әжем шаңқобыз тартатын. Тартқанда да керемет бір сызылған үнмен тартушы еді.Өзі де  ұзын бойлы,қараторының сұлуы еді.Әжем өмірден өткенше көзкөргендер «Би атаның үйіндегі апамыз»- дейтін- деп бастаған еді әңгімесін Қалыйма замандас.

Қалыйма бастауыш сыныпты сол кезде «Отрабат » аталып кеткен жиырма төртінші разьезде оқып, білімін Жаңақорғанда жалғастырған. Қарағанды қаласындағы кооператив, Алматы қаласындағы экономика институттарын, Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ- тін бітіріп, үш бірдей жоғары білім алды. Шәуілдірдің «Культхозгалантерея»  базасында тауартанушыдан  бастап директорлыққа дейін өсті. Білімге өте құштар болды. Математика, экономика ілімдерін қиналмай игеретін. Шығынға батқан өндірісті банкроттықтан шығарып алған кездері де бар. Яғни, экономикалық білімінің өмірде көп жағдайда пайдасы тиіп келеді десе де болғандай. Одан ойламаған жерден сырттай дауыс беру арқылы партияға келді. Бұл орайда Қалыйманың сөзге шешендігі, көпшілікті соңынан ерте алатын ұйымдастырушылық қабілеті көзге түсті ме, сол кездегі «Отан» партиясының басшысы Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың таңдауы оттай жанып тұрған Жантөрееваға түссе керек. Сол кезден бастап Қалыйманың партия тынысымен өрілген қоғамдық өмірі басталып кетті. Кейде ой жіберіп қарасаңыз, өмірде ешбір нәрсе кездейсоқ болмайды екен. Бала күнінде өзі бауырында өскен сүйікті әжесі «Обком қызым» дейтін. Жарықтық әжесінің аузына құдай салды ма, әлде  «Ата- балаға сыншы»-, деген ежелден қалыптасқан тұжырымның шындыққа айналуы  ма? Осы жұмысқа шақырған кезде әжесінің сол сөзі есіне сап ете қалған: «Е, мынау, тағдыр ғой»-, деп  ойлаған.

Депутат өз дауысын шығара алуы тиіс

Ал, енді, бүгінгі негізгі тақырыбымыз, депутаттық мандат иесінің атқарған жұмысы, осы бағыттағы ой-пайымдары туралы көпшілікті хабардар етейік. «Депутат- кім?»- дегенде, ең алдымен ойға оралатын тұжырым: «Депутат — халық жанашыры». Ең алдымен, оның адалдығы, елге ашықтығы маңызды. Мемлекетке сілтеме жасамай, қарапайым адамдармен көбірек қарым — қатынас жасап, азаматтардың, елді-мекендердің көкейтесті мәселелерін шешуге белсене араласуы қажет. Сонда ғана ол өз болашағын сеніп тапсырғандарға  шын көмектесе алады. Әркім өз даусын шығара алса болды. Осы күйінше жазыңыз. Өзінің даусын көрсете алса болды. Дауыс деген сөз — міндеттемені орындады деген сөз. Депутаттың дауысы шықты деген сөз, ол халықтың алдында, халық мақтады деген сөз. Сонда ол өз платформасында қандай мәселелерді алға тартты? Облыстың сайлау алды платформасын толық қорғауға апардық Алтынсары екеуміз. Жайлы мектебі бар, жолдары бар, басқасы бар. Осының бәріне тақылдап жауап беріп отырған мен болдым негізі. Соны қорғадым сол жерде. Қазір соның бәрі орындалып жатыр ғой қазір. Сайлауалды бағдарламаның орындалуынан кейін қалып келе жатқан жоқпыз. Біріншіден, білім керек. Екіншіден, тәжірибе керек. Үшіншіден, мінез керек. Төртінші нәрсе, шешендік керек. Кейбіреулер  істеген тірлігін көзге көрсете алмайды, сөзбен жеткізе алмайды. Мен де бұрын сондай едім. Өзім тірлік істеп, айтпай жүре беретінмін. Жұрт біледі деп. Сөйтсем, олай емес екен. Сенің ақ тер, көк тер болып атқарған жұмысыңды өзге   біреудің иемденіп, айта салатынын да көріп жүрміз. Қағаз ғана сөйлейді. Депутат болып менің не істегенім көрінді. Бұрын білінбейтін. Осы тірліктерді депутат болмай-ақ та осыларға жеткізіп істеп жүрген адам едім. Қоғамды біріктіруде ролім өте жақсы болды. Бизнесмен болдым. Базаның директоры да болып қызмет істедім. Бірақ, менің жолым осы екен. Тігінді де жақсы көремін. Өзім тігіп қатырмаймын. Менің миым тігеді. Яғни, киімнің дизайнын айта аламын. Эксклюзив киімдерді жақсы көремін. Ұлттық нақышта тігілген ешкімде жоқ киімдерді  жақсы көремін. Суреттерін көзіммен жеткізіп саламын. Қызым бар кезде ол салатын. Сонан соң тігетін. Біздің отбасының кіріс көзі сол еді. Ұлттық бір кәсіп. Әйелдің кәсібі. Қазақ қыздары соны үйренсе деймін. Мен көп елде болдым. Әсіресе, Қытайдағы өнер мектебі маған ұнайды. Кез-келген қыз инені түрте білу керек. Қазақта: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»,-деген даналық сөз бар. Тіпті болмағанда, ең жұмыс жоқ дегенде тігінші болу керек. Далада қалмайсыз. Мен гректермен жұмыс істедім. Солар айтады: «Сауданың институтын бітіріп, ақымақсыз ба? Кез- келген шетелдік, әрбір екінші адам саудагер, сатушы. Оқыған да, оқымаған да. Оны оқудың керегі жоқ. Ақша болса, тілін білесің. Ақша ақшаны шақырады. Кете береді»-, дейді. Ал, мына қызмет ету саласы ешқашан өшпейді екен. Шаштараз, киім тігу, дәрігерлік, ине егу сияқты ұсақ, майда болса да, ешқашан өшпейді. Оны халық  қашанда қажет етіп отырады. Яғни, тұрмыстық қызмет барлық уақытта керек. Олардың құны ешқашан түспейді. Соған біз баулуымыз керек. Соған біз кәсіптік бағдар беруіміз керек. Біз кәсіптік бағдар бере алмаймыз. Баяғыдағы агроном, ветеринар,зоотехник мамандықтарымыз қайда? Бұрын ең төмен оқитындардың өзі СПТУ- ді бітіріп, әртүрлі мамандық алып шығатын. Техниканың тілін білетін. Одан ешкім жаман болған жоқ. Олар деген озды ғой ең соңында. Техниканың тілін білген адам далада қалмайды.»Өнерді үйрен де жирен»- деген осы. Өте жақсы айтылған. Мысалы, жүн, терілерді өңдейтін орындар болса, қандай тамаша болар еді.

Қоғамда жүргесін осындай мәселенің бәрі толғандырады. Жеке өз басым, Парламенттегі, Мәжіліс, Мәслихаттардағы әйелдер ролі ер- азаматтармен тең деп ойлаймын. Бірақ, бәрібір, біздің қазақи ұғымымыз бойынша ер- азаматтар әйелдерден бір иық биік. Бәрібір ер- азаматтың ролі үйде де, түзде де жоғары тұру керек. Бала күнімізде әкеміз келмей, дастарханға отырмайтынбыз. Сол арқылы әкеміздің қадірін білетінбіз. Отбасында отағасының қадірі болуы керек. Европаға қаншалықты еліктесек те, біздің қазақи менталитетіміз сақталу керек. Бізді өзгеден өзгертіп тұрған осы әдет- ғұрпымыз, ұлттық болмысымыз. Бір сөзбен айтқанда, елдің елдігін, халықтың халықтығын сақтап қалатын қандай іс болса, соның басы — қасында жанашырлық танытатын біз болуымыз керек»- деп сыр бөлісті  Қалыйма Жантөреева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *