Әке үмітін ақтаған

Инара Намазбаеваның есімі ауызға алынғанда, ең алдымен, еліне елеулі, халқына қалаулы арда азамат Әбдіғаппар аға Шәймерденовтың есімізге түсетіні заңдылық. Өйткені, Инара еліне, жұртына қалтқысыз қызмет көрсетудің , қайырымдылықтың үлгісі бола білген және өмірін осы мақсатқа арнап өткен меценат, бизнесмен азаматтың игілікті ісін, салып кеткен соқпағын сәтті де табысты, заман ағымына қарай жаңаша реңкпен, жаңа бағытпен жалғастырып келе жатқан жақсының көзі, алтынның сынығы, асылдың тұяғы.

Әдетте қазақ халқында әкеден қалған мұраны, тұғырлы тізгінді ұл балаға тиесілі дейтін ұғым бар. Бірақ, бұл орайда да, қай нәрсені болсын » жеті өлшеп, бір рет кесетін» Ғаппар ағамыз таңдауынан жаңылмапты. Әдейілеп «Осы перзентім жолымды жалғастырсын,»- деген түбегейлі шешімге келмесе де, бала күнінен ізденгіш, жаңалыққа құмар Инарасы әкесінің маңдай тер, зор бейнетпен жүзеге асырған ісін ең әуелгі бағыт- бағдарын, саласын өзгертпей, дамытып, өркендетіп, заманауи қалыпқа түсіріп табысты жүргізіп келеді. Бүгінде бизнесті «Ғаппардың қызы» болып бастаған Инара тек Қазақстанның ғана емес, шетел кәсіпкерлер әлеміне кеңінен танымал «Бизнес ханшайымы Инара». Ердің ері, нардың нары көтерер салмағы ауыр жүкті жанұяда алған тәлім- тәрбиемен, жан- жақты біліммен қаруланған…

«Менің өмірдегі негізгі бағытым да- ғылым әлемі. Тұрғылықты мекенім- арман қала Алматы болар»- деп ойлайтын өзі де. Керемет үлкен ортаны, өзі сабақ беріп жүрген шәкірт студенттерін , жоғары оқу орнындағы оқытушылық қызметін, жастық шағын бірге өткізген достарын тастап, Түркістанға қоныс аудару үш ұйықтаса түсіне кірген емес. Алайда, адамзат баласының өмірінде өзің де болжап- білмейтін өзгерістер болып жататыны белгілі.

Бұған дейінгі Ұлыбританияда Рединг университетінде, Еуразиялық зерттеулер орталығында, Алматы халықаралық Бизнес университетінде алған білімдері мен тағылымдамаларының, өз бетімен оқып- ізденген әдебиеттердің бүгінгі атқарып отырған кәсібіне бастаған баспалдақ екенін енді ғана пайымдап жүр. «Қуаныш» ЖШС-де төраға орынбасары болып қызмет істеген бірнеше жыл әкесі Әбдіғаппар Шәймерденовтың жанында жүріп, іскерлік ортаға араласуы, осының бәрі- бүгінгі жемісті еңбекке салынған сара жол. Өмір мектебі.

Инара Әбдіғаппарқызының әкесінің табиғатына, болмыс- бітіміне байланысты таң қалатын, ешбір жауабын таппайтын, ойынан бір шықпайтын тағы бір құбылыс бар. Ол- мына жағдай. Әбдіғаппар Шәймерденұлы ата-анасынан ерте айырылып, аға- жеңгесінің қолында тәрбиеленіп, анасы Дүйсенкүл Жамболқызын да сол шаңыраққа түсірген екен. Бауырлар тарапынан қаншалықты қамқорлыққа бөленсе де, ата- ана мейірімі мен жылылығының орнын ешкім толтыра алмайтыны белгілі. Бала күнінен тырмысып білім алып, қара бейнетпен нанын тауып қаншалық қиындық көрсе де, оның жүрегінде адамдарға деген мейірімнің сақталып қалуы, кез- келген нәрсенің, кез- келген адамның бойынан тек жақсы жағын көру, мына ұлан- ғайыр даламыздай кең пейілі, тағдырына ешбір өкпе айтпай, қандай қиындықты да сабырмен қабылдауы…

«Бизнес әлеміндегі ерекше бағаланатын ең басты қағида— серіктестік сенім. Серіктестік бедел- абырой. Бұл әлемдегі сіздің абыройыңыз , іскерліктен де бұрын адалдықпен, уәдеге беріктікпен, бір- біріңе деген сеніммен өлшенеді. Сенімнен бір шығып қалсаң, өмір бойғы қасықтап жинаған абырой- беделіңнен бір сәтте айрылдым деп есепте. Менің әкем де осы өсиетті көп айтатын.»Уәде берме. Бердің бе, орында. Бірақ, уәде бермес бұрын барлық мүмкіндігіңді сараптап, екшеп ал-» — дейтін. Мен де осы ұстанымды бағалаймын.

Өйткені, өмірде кездеспей тұрмайтын сындарлы сәттерде мен әкемнің өз жүрген ортасындағы адами абырой- беделін, бизнес серіктестерінің шексіз сеніміне ие екендігін көзіммен көрдім.

Мөрі бар бір жапырақ қағазға емес, әкемнің алтынға татырлық бір ауыз сөзіне сенім білдіріп, қыруар жұмыстардың атқарылғандығының куәсі болдым.

Сондықтан да мен іскерлік беделді, кәсіпкерлік беделді»СКВ-свободно конвертируемая валюта» деп бағалаймын. Бұл сөздің құндылығын, бағасын кәсіпкерлікте, бизнес әлемінде жүрген азаматтар жақсы біледі.

Екінші, бизнеске бет бұрған адам ізденуден жалықпау керек. Заман ағымымен аяқты тең басу үлкен роль атқарады.

Үшінші, бизнесті елімізде бекітілген заңға сәйкес таза, адал жүргізу, салықтан қашпай уақытында төлеу, өз құқыңды білу маңызды.

Кәсіпкерлік сауаттылық, мемлекет тарапынан жасалып отырған жеңілдіктерді жүрексінбей, ұтымды пайдалану да бизнесті дамытудың таптырмас алғы шарттары. Мен мұның бәрін кәсіпкерлікке қадам басқан жастардың керегіне жарап қалар деген ниетпен айтып отырмын»,- деді Инара Әбдіғаппарқызы бізбен әңгімесінде.

Бүгінгі таңда табысты кәсіпкер Инара Намазбаеваның біздің қаламыздың сауда әлемінің жүрегі»Қуаныш»ЖШС-нің директорлық тізгінін ұстағанына да бес жылдың жүзі болыпты. Қат- қабат тірлікке, қарбаласқа толы базар ұжымын басқарудың күрделі екендігі айтпаса да түсінікті. Мінеки, осы жолда шыңдалған жап- жас Инара қазір толысқан, әлемдік кәсіпкерлерден тәлім алған жеке тұлға. Облыстық мәслихат депутаты. Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы. Қайырымдылық пен мейірімділік жүрегіне тұнған, демеушілік жасауды шын көңілден жасайтын меценат.

Біз барған күні Инара Әбдіғаппарқызының АҚШ- тың Чикаго қаласынан енді ғана оралып тұрған беті екен. Мұхиттың аржағындағы қандас бауырларымыз, қазақ диаспорасының өкілдері «Чикаго қазақ орталығының » 16-желтоқсан- -ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған іс- шарасына арнайы шақырумен барып қайтқан беті болса керек. Киелі қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуына зор үлес қосып жүрген Инара Әбдіғаппарқызының есіміне сырттай қанық Чикагодағы қазақ диаспорасы өз сүйіспеншіліктерін «Алғыс хатпен» білдіріпті. Туған жерден шалғайдағы қандастарымыздың басын қосып, осы бағытта қыруар жұмыстарды жүзеге асырып отырған бұл орталықты Кентау қаласының тумасы, ұлтын сүйетін азамат Дәулет Орынбай бауырымыз басқарып отырғандығын да айта кеткен ләзім. Шетелде жүрсе де, …

Жаңа жыл алдындағы қарбалас, қат- қабат тірлік. Бірі құжатқа қол қойғызып, енді бірі басқа да өтініштерін айтып жатыр. Облыстық әкімшілікте өтетін ҚР мемлекеттік қызметкерлер агенттігінің жиналысына да үлгеру керек. Бәрінің үдесінен шығу да оңай емес. Сол себепті де әрбір күннің жұмыс кестесі мұқият жоспарланады.

Алдына келген әрбір адаммен ыждаһатпен сөйлесіп жатқан Инара Әбдіғаппарқызының уақытын алмайық деген ниетпен шұғыл қоштасып, көпшілікке қуаныш сыйлайтын «Қуаныш» ЖШС- нен біз де ұзай бердік. Жүрегімізде туған елі, туған халқы үшін аянбай, жемісті еңбек етіп жүрген іскер де жігерлі қызға деген мақтаныш сезімі тулап бара жатты

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *