Отбасылардың қиын жағдайларын еңсеруге түзеуге көмектеседі

Қазіргі таңда еліміздегі күрделі мәселелердің бірі – отбасындағы зорлық-зомбылық және ажырасу. Гендерлік саясатты дамытуға арналған тұжырымдамада көрсетілген деректерге сүйенсек, көбінесе аналары балалармен бірге уақыт өткізеді, олармен айналысады және серуендейді (38,15 %) не әкесі мен анасы бірге қатысады (40,2 %), әкелері баласымен өз бетінше аз қарым-қатынас жасайды (2,1 %).

Кейбір этникалық топ өкілдері арасында белгілі бір деңгейде «азаматтық» және туысқандық некелер орын алуда, ерлер мен әйелдер жұптарын азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында емес, діни бірлестіктерде тіркеу жағдайлары жиіледі. Бұл ретте отбасылық құндылықтарға сәйкес келмейтін, әйелдердің отбасындағы қазіргі кездегі жағдайына, оның әлеуметтік белсенділігі мен жұмысбастылығына қайшы келетін жайттар дәріптелуде. Уақыт өте келе осындай отбасыларда некенің бұзылуына әкеп соқтыратын жанжалдар болып тұрады. Ажырасудың төрттен бір бөлігі этносаралық некеге тиесілі екенін атап өткен жөн, бұл мәдениетаралық өзара іс-қимылда проблема бар екендігін көрсетеді. Қыз алып қашу және оларды күштеп тұрмысқа беру оқиғалары орын алуда, бұл құқықтық және зайырлы мемлекетте қылмыс болып табылады.

Мұндай мәселелер отбасын жоспарлаудың болмауынан және ата-ана болуға саналы түрде қарамаудан, әкелердің тәрбие беру процесіне жеткілікті қатыспауынан, балаға көңіл бөлмеуінен туындайды. Елімізде ажырасулардың өсу үрдісі байқалады. Бұл ретте балалардың болуы, әдетте, қазақстандықтардың ажырасуы үшін тежеуші фактор болып табылмайды.

Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ болып табылады. Бүгінгі таңда өңірімізде 400 мыңнан аса отбасы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *