Ерте тұрмысқа шығу әйелдің денсаулығы мен өмірінің сапасына әсер етеді

Бүгінде елімізде ерте жастан некеге тұру, жасөспірімдердің жүкті болуы секілді мәселелер өзекті болып отыр. Қазақстанда екі миллионнан астам 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар мен бойжеткен қыздар тұрады, бұл республикадағы барлық әйел тұрғындардың бесінші бөлігі. Ерте жастағы некенің орташа саны жылына 1000 жағдайды құрайды, ерте жүктіліктің саны жылына 4,3 мың тіркелген жағдайды құрайды. 15 жастан 18 жасқа дейінгі жас тобындағы жүктілікті жасанды үзу жағдайларының саны айтарлықтай жоғары болып қалуда және жылына жүктілікті жасанды үзудің шамамен 2 мың жағдайын немесе 18 жасқа дейінгі жасөспірім-қыздар мен қыздардың жалпы санының 0,1 %-ын құрайды. Ерте жаста некеге тұрудың ең көп саны Алматы (141 жағдай), Шығыс Қазақстан (96 жағдай), Жамбыл (91 жағдай) және Қарағанды (83 жағдай) облыстарында байқалды.

Талдамалық есепке сәйкес «Ерте жастағы некелесу» әлеуметтанулық зерттеуінің қорытындылары бойынша ерте тұрмысқа шығу және жыныстық өмірдің ерте басталуы әйел үшін ауыр зардаптарға әкеледі, бұл әйелдің денсаулығы мен өмірінің сапасына әсер етеді. Жасөспірім жаста тұрмысқа шыққан қыз көбінесе алғашқы ерте жүктіліктен және кейінгі жүктілік пен босану арасындағы үзілістердің қысқа болуынан туындаған денсаулығына қатысты әртүрлі проблемаларға тап болады.

Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында елімізде жасөспірімдер мен жастарға арналған жастар денсаулық орталықтарының саны 1,5 есеге, 2016 жылғы 80-нен 2020 жылы 128-ге дейін өскені айтылған. Сонымен қатар, аталған тұжырымдамада: «Пандемия тарала бастағаннан кейін әйелдердің 80 %-дан астамы репродуктивті денсаулығын сақтау қызметтерінің көмегіне жүгінген жоқ» делінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *