«Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқитын жастардың 48,7 пайызын әйелдер құрайды

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы ерлер мен әйелдер үшін сапалы білім алуда тең қолжетімділік пен мүмкіндіктерді көздейді. Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында Қазақстанның білім беру саласындағы гендерлік алшақтық деңгейі ең төмен екені жазылған. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына әлеуметтік және жыныстық қатыстылығына қарамастан Қазақстанның барлық азаматтары қатысады.
Білім алушылардың жалпы массивіндегі әйелдер мен қыздардың үлесі 49,5 %-ды, ерлер мен ұлдардың үлесі 50,5 %-ды құрайды. Елімізде соңғы 7 жылда шетелге шығатын студенттер саны екі есе өсті. 100 мыңнан астам қазақстандық әлемнің 130 елінде жоғары білім алуда. «Болашақ» стипендиясы шеңберінде 992 стипендиат білім алуда, олардың 48,7 %-ын әйелдер құрайды.
Жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты мамандықтар бойынша оқитын ерлердің үлесі әйелдердің үлесінен 2,2 есе, инженерлік іспен, өңдеу саласымен және құрылыспен байланысты мамандықтар бойынша тиісінше 2,4 есе асады. Сонымен қатар, әйелдердің үлесі білім беру, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, статистика және журналистика саласындағы мамандықтар бойынша оқитын ерлердің үлесінен орта есеппен 2,4 есе асады.
Әйелдер кәсіби деңгейде спортпен шұғылдану үшін көбірек мүмкіндіктер алды. Токиода жазғы Олимпиада ойындарында әйелдердің үлесі 34 %-ды құрады, медальдардың 25 %-ын әйелдер жеңіп алды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің деректері бойынша елімізде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің үлесі 6,2 %-ды құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *