«Ақ бұлақ» оңалту орталығына келген балалар сабақ та оқиды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларыда Үкіметке медициналық қызметтің сапасын жақсартуды міндеттеп келеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы ауруханада емделіп шыққан науқастың қайта ауырып қалуының алдын алу мақсатында оңалту орталықтары жұмыс істеу керектігін айтқан болатын. Соның нәтижесінде елімізде соңғы жылдары бірқатар оңалту орталықтары ашылды. Солардың бірі – Түлкібас ауданы Қарағашты ауылында орналасқан «Ақ бұлақ» балаларды оңалту орталығы.
Мұнда 3 пен 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетіледі. Барлығы 175 (85 неврологиялық және 90 ортопедиялық) төсек-орны қойылған. Орталықта бүгінде мемлекет медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Бүгінде Түркістан облысында 11 мыңға жуық мүгедек бала бар. Оның 30 пайызы жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан ерекше балалар.
Жақында орталық басшысы, білікті дәрігер, Нұрхан Нарымбетованың арнайы мектеп кабинеттерін де өздері безендіріп, бір бөлмені аспан ғаламшарларымен көркемдеп, телескоп аппаратын қойып, балалардың қиялына ерік беретіндей мүмкіндік сыйлаған болатын. Кабинеттердің ашылу салтанатына Түркістан облыстық балаларды оңалту орталығының басшысы Айдар Шнетов, денсаулық сақтау басқармасының Түркістан облысы бойынша штаттан тыс балалар реабилитологы Мариям Парманова мен өңіріміздегі өзге де оңалту орталықтарының басшылары мен мамандары қатысып, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.
Енді бұдан былай аталмыш орталықта математика, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, жаратылыстану, география пәндері оқытылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *