Лагерьде еркін форматта кездесу өтті

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Дәулет Акатов “Машат- Арасан” сауықтыру орталығындағы тәрбиеленушілермен еркін форматта кездесу өткізді. Жүздесу барысында бөлім басшысы жас жеткіншектермен пікір алмасып отырғанына қуанышты екенін айтып, бүгінгі жас ұрпақ қандай болуы керектігін айтты.
Кездесуге жазғы сауықтыру орталығындағы балалар қатысты. Жас буын бөлім басшысымен түрлі тақырыпта пікір алмасып, диалог өрбітті. Өз кезегінде оқушылар еркін форматта сұхбат жүргізді.
Биылғы жылы “Қазақстан халқына” қорының қайырымдылық жобасы аясында Сарыағаш ауданының 300 оқушысына “Машат-Арасан” оқу сауықтыру орталығына жолдама берілді. 11 маусымда 2 ауысым бойынша 100 бала жазғы тынығу лагерінде демалса, қазіргі таңда 21 маусымнан басталған 3 ауысымда 100 бала тынығуда. Алдағы 4 ауысымда да 100 бала демалады.
Айта кетейік, жазғы лагерьлер бірнеше ауысыммен жұмыс істейді, осылайша маусым айының өзінде облыстағы 7 мыңнан астам оқушы демалыстарын мазмұнды өткізеді. Ал, сауықтыру лагерьлері жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Биыл «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерімен тегін қамтылады.
Түркістан облысында 31 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Олардың 9-ы – мемлекеттік, 22-сі – жекеменшік. Өңірде мектеп жанындағы бір мезгіл тамақпен қамтитын 350 лагерь және 648 ойын алаңшасы балалар үшін қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 446 педагог қызметкер жұмыс істейді.
Биыл «Қазақстан халқына» қорының есебінен Түлкібас ауданындағы «Машат–Арасан» сауықтыру лагеріне 8 ауданнан 400 бала, Маятас ауылындағы «Гавая» лагеріне 3 ауданнан 250 бала тегін жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *