Кәсіпкер әйелдер саны артып келеді

Жақында Бәйдібек ауданында өз кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырды. Көрмеге өнімін ұсынған кәсіпкерлер арасында қайтарымсыз грант ұтып алып, өз кәсібін бастаған азаматтар да болды. Атап айтқанда Серкебаева Еңліккүл мен Әбдімомынова Гүлнұр.

Одан кейін Бәйдібек ауданы аумағандағы кәсіпкерлердің құқығын қорғап, осы саладағы проблемаларды жүйелі шешу үшін құрамына бизнес өкілдері, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қаржы институттары қамтылған бірлескен жиында аумақтағы бизнес ахуалды жақсарту және шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен осы бағыттағы әкімшілік кедергілерді болдырмау жөніндегі мәселелер талқыланды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» дей келе әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуына, еңбек құқығының сақталуына жағдай жасауды тапсырды. Елімізде, облысымызда әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, құқықтарын қорғау бағытындағы жобаларға қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде кәсіпкер әйелдер саны артып келеді.

Қазіргі таңда көпбалалы аналар саны бойынша Түркістан облысы бірінші орында. Жалпы, алғанда облыс көлемінде 184 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс істейді. Осылардың ішіндегі 45 мыңға жуық әйел шағын және орта бизнеске басшылық жасап келеді. Айта кетейік, «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында КММ-нің  қорытындысы бойынша 1507 бизнес-жоспар жасалған. Аталған бизнес-жоспардың 466-сы – әйелдердің, қыз-келіншектердің идеясы. Сонымен қатар өткен жылға 1007 жоба сүйемелденіп, қаржы қаралған болса, оның 266-сы әйелдер кәсіпкерлігіне тиесілі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *